«Қысқартылған білім беру бағдарламалары» факультеті

«Қысқартылған білім беру бағдарламалары» факультеті бакалавриаттың 20 білім беру бағдарламасы бойынша дайындық жүргізеді. Оқыту мемлекеттік тіл және орыс тілінде техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру базасында оқу шығындарын толық өтей отырып мемлекеттік білім беру гранттары бойынша жүргізіледі.

Факультет құрамында 4 кафедра жұмыс істейді: «Бизнес», «Құқық және халықаралық қатынастар», «Шет тілдері», «Педагогика және психология». Факультеттің оқу процесін ҚАЕУ кафедраларының профессорлық-оқытушылық құрамы қамтамасыз етеді.

Мамандарды даярлау Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Сабақтар кредиттік оқыту технологиясына сәйкес жүзеге асырылады.

Факультет «Қашықтықтан оқыту бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар және қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысаны» шеңберінде аудиториялық, сондай-ақ қашықтықтан сабақ беруді қамтамасыз етеді (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 22 сәуірде № 10768 болып тіркелді.). Қашықтықтан оқыту технологиясын ҚАЕУ сайтында орналасқан «Moodle» бағдарламасы қамтамасыз етеді.

Факультет қызметінің мазмұны мен технологиясы іргелі және кәсіби білімді ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі дамыту және басқа адамдармен бірлестік құру қабілеттерін дамытатын білім алушылардың жеке, шығармашылық және кәсіби өсуіне бағытталған. Құрмет пен өзара сенім атмосферасы біздің студенттерді оқытудағы басты қағида болып табылады. Университеттің жетілген, кәсіби практикалық тәжірибесі бар профессорлық-оқытушылық құрамы контингенттің ерекшелігін ескереді.

Жоғары кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын табысты меңгерген, ғылыми қызметке бейімділік танытқан факультет түлектерінің магистратурада оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар.

Оқу процесін ұйымдастырумен деканат айналысады, оның құрамына декан Шефер Надежда Михайловна, факультет әдіскері Шарыпова Алтынқыз Бимухамбетқызы және офис тіркеуші Сәдібекова Меруерт Әбілхасымқызы кіреді.

Факультеттің білім беру бағдарламалары, оқу мерзімі және түлектерге берілетін дәрежелер туралы ақпарат кестеде келтірілген:

ШифрБілім беру бағдарламасыДәрежеОқу мерзімі
ЖБ база-сындаТжКБ база-сында
 16В01302«Бастауыш білім беру» (IP)білім беру бакалавры2 жыл2 жыл / 3 жыл
 26В01706Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)білім беру бакалавры2 жыл2 жыл / 3 жыл
 36В01707Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (IP)білім беру бакалавры2 жыл2 жыл / 3 жыл
 46В01703Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын)білім беру бакалавры2 жыл2 жыл / 3 жыл
 56В01402«Дене шынықтыру және спорт» (IP)білім беру бакалавры2 жыл2 жыл / 3 жыл
 66В02301Аударма ісітіл білімінің бакалавры2 жыл2 жыл / 3 жыл
 76В03101Халықаралық қатынастарәлеуметтік білімдер бакалавры2 жыл2 жыл / 3 жыл
 86В03102Психологияәлеуметтік білімдер бакалавры2 жыл2 жыл / 3 жыл
 96В03201Журналистикаәлеуметтік білімдер бакалавры2 жыл2 жыл / 3 жыл
 106В04104Қаржыбизнес және басқару бакалавры2 жыл2 жыл / 3 жыл
 116В04101Экономикаэкономика бакалавры2 жыл2 жыл / 3 жыл
 126В04102Менеджментбизнес және басқару бакалавры2 жыл2 жыл / 3 жыл
 136В04103Есеп және аудитбизнес және басқару бакалавры2 жыл2 жыл / 3 жыл
 146В04108Маркетинг және PR менеджментібизнес және басқару бакалавры2 жыл2 жыл / 3 жыл
 156В04201Құқыққұқық бакалавры2 жыл2 жыл / 3 жыл
 166В04204Құқық және кеден қызметіқұқық бакалавры2 жыл2 жыл / 3 жыл
 176В04205Құқық және құқық қорғау қызметіқұқық бакалавры2 жыл2 жыл / 3 жыл
 186В06101Ақпараттық жүйелерақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры2 жыл2 жыл / 3 жыл
 196В11101Туризмқызмет көрсету саласының бакалавры2 жыл2 жыл / 3 жыл
 206В11102Мейрамхана ісі және қонақ-үй бизнесіқызмет көрсету саласының бакалавры2 года2 года / 3 года