«Бизнес, құқық және педагогика» факультеті
«Бизнес, құқық және педагогика» факультеті бакалавриаттың 36 мамандығы, магистратура мен PhD докторантура бойынша дайындық жүргізеді. Мамандықтар қазақ, орыс тілдерінде Қазақстандық және Aмерикандық бағдарламамен оқытылады. Факультеттің 193 студенті, магистранты, докторанты Мемлекеттік білім Грантының иегерлері болып табылады, 6 студент ҚАЕУ Президенті шәкіртақысының иегерлері. «Бизнес, құқық және педагогика» факультетінің құрамына келесі кафедралар кіреді: «Бизнес», «Құқық және халықаралық қатынастар», «Шет тілдер», «Педагогика және психология». Мамандарды дайындау Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты мен мамандықтардың үлгідегі оқу жоспарына сәйкес жоғары білікті оқытушылармен жүзеге асырылады. Факультетте маманды жан-жақты дайындап қалыптастыруға баса назар аударылады. Барлық оқу жұмыс жоспарларына «Кәсіптік бағдарланған шет тілі» мен «Ақпараттық технологиялар» пәндері енгізіліп оқытылады. Факультетте оқыту сапасына көп көңіл бөлінеді. Соңғы жылдары оқытудың дәстүрлі әдістерін пайдаланумен қатар студенттердің танымдық қызметі белсендіруінің жаңа құралдары кеңінен қолданылады. Оқу процесіне іскерлік ойындар, ойын сабақтары, компьютерлік рөлдік ойындар, «кейс-технология» элементтері белсенді түрде енгізіледі. Өзіндік жұмысы ретінде студенттер ғылыми зерттеулер жүргізеді, олардың ақпараттық технология пайдалану мүмкіндігі ынталандырылып отырады.
Факультетте білім алып жатқан студенттердің ағылшын тілін жоғары дейгейде меңгергені оның негізгі басымдылығы болып табылады. 2003 жылдың қазан айында американдық оқытушылармен бірлесіп тілдік емес мамандықтар үшін ағылшын тілі курстары ұйымдастырылды. Курстың мақсаты еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікке мүмкіндік беретін ағылшын тілін терең оқып үйрену, болашақ мамандардың шеберлігін арттыру болып табылады. Курс бірнеше деңгейден тұрады. Бірінші деңгей барлық студенттер үшін міндетті болып табылады және ЖОО компонентінің есебінен әр семестрде 1 кредитті қамтиды. Сабақ коммуникативті тәсілмен құрылған.
Факультет студенттері мәдени және академиялық алмасудың халықаралық бағдарламаларына тұрақты қатысады. Факультеттің 9 түлегі «Болашақ» Президенттік бағдарламасының стипендиаттары болып табылады. 200-ден артық студент АҚШ-да кәсіптік практика бағдарламасынан өтті. Көптеген студенттер планетаның тағы да 107 елінің студенттерін біріктіретін AIESEC ірі халықаралық студенттік ұйымның белсенді қатысушысы бола жүріп, оқу мен дүние жүзі бойынша саяхатты табысты өткізуде. Сонымен қатар «Шет тілі» және «Аударма ісі» мамандығының студенттері жыл сайын DAAD білім алмасу стипендиясын жеңіп алады және тұтас академиялық семестр мен жаз айын Германияда өткізу мүмкіндігімен осы елдің бір университетінде білім алады. Факультеттің студенттері ғана емес оқытушылары да халықаралық алмасу бағдарламасына қатысады. Факультеттің 3 оқытушысы шетелдік университеттің магистр дәрежесін алған, 19 оқытушы АҚШ, Ұлыбританияда, Германияда кәсіптік практикадан өтті.