Шетелдік студенттер үшін

Шетелдік азаматтарды ақылы негізде оқуға қабылдау Қабылдау комиссиясы күнтізбелік жыл ішінде өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Шетелдік азаматтарды қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

Шетел азаматтарын бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларына қабылдау жылына екі рет жүргізіледі:

оқу жылының 1 семестріне:

  • өтініштерді қабылдау: күнтізбелік жылдың 1 маусымынан 10 тамызына дейін
  • қабылдау: күнтізбелік жылдың 10 тамызынан 28 тамызына дейін

оқу жылының 2 семестріне:

  • өтініштерді қабылдау: күнтізбелік жылдың 1 қарашасынан 05 қаңтарына дейін
  • қабылдау: күнтізбелік жылдың 5 қаңтарынан 15 қаңтарына дейін

Оқуға қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

  1. жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);
  2. жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжатқа транскрипт/ қосымша (түпнұсқа);
  3. жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі, түпнұсқасы және көшірмесі);
  4. 4 фотосурет (өлшемі 3 x 4 сантиметр);
  5. медициналық анықтама (075/у нысаны);

Ескерту

Шет тілінде ұсынылатын білім туралы құжаттарды заңдастыруға немесе құжатты берген елдің уәкілетті органдары апостильдеуге тиіс.

Заңдастырылған немесе апостильденген білім туралы құжаттар қазақ немесе орыс тіліне аударылып, нотариалды куәландырылуы тиіс.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар оқу семестрі ішінде адамдарды қабылдағаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.

Виза және шетелдік студенттерді тіркеу

Қазақстан Республикасына кіру үшін оқуға үміткер ҚР СІМ шетелдік өкілдігінде студенттік визаны ресімдеуі тиіс.

Қазақстан Республикасына студенттік визаны ресімдеу үшін үміткер ҚР СІМ шетелдік өкілдігіне мыналардан тұратын құжаттар пакетін береді:

– қолданыстағы шетелдік паспорт (ҚР-да болу кезеңі аяқталғанға дейін кемінде 6 ай қолданылу мерзімі);

– жеке толтырылған және қол қойылған сауалнама;

– 2 фотосурет (берілген күнге дейін 30 күннен ерте емес);

– жоғары оқу орнынан шақыру хаты (оқуға қабылдау құжаттары қаралғаннан кейін ҚАЕУ Халықаралық бөлімі ұсынады);

– ҚР ІІМ жергілікті көші-қон полициясы органы берген визалық қолдау (ҚАЕУ-нің өтініші бойынша ШҚО КҚПБ ресімделеді).

Маңызды

1. Шетелдік азамат Қазақстанға кіріп, ҚАЕУ-ге тек оқу визасы бойынша оқудан өте алады.

Студенттік виза үшін оқуға шақыру хатын және визалық қолдауды университеттің халықаралық бөлімі жүргізеді.

2. Жергілікті көші-қон полициясы басқармасына шетелдік студент мемлекеттік шекарадан өткеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде хабарлануы тиіс.

Университеттің халықаралық бөлімі шетелдік студенттің сұранысы бойынша онлайн режимінде Өскемен қаласының КҚК-ні хабардар ете алады. Ескерту үшін студент халықаралық бөлімге паспорт нөмірін, студенттік виза нөмірін, шекарадан өту күнін, Өскеменде тұратын жерін ұсынуға міндетті.

Визаны, хабарламаларды ресімдеу мәселелері бойынша шетелдік студенттер ҚАЕУ халықаралық ынтымақтастық департаментінің халықаралық бөліміне телефон арқылы хабарласа алады:

Жұмыс – 007/7232/505013

Ұялы– 007 777 980 18 65, 007 777 853 06 78, 007 777 265 77 39

Электрондық пошта – serikabilov@kafu.kz, avolf@capost.org