Екі дипломды білім

ҚАЕУ әлемнің жетекші жоғарғы оқу орындарымен бірігіп қос диплом бағдарламасын дамытуға бар күшін салады.

Бұл бағдарламалар студенттерге екі бөлек диплом алуларына мүмкіндік береді: біріншісі өзіміздің университетіміздің дипломы болса, екіншісі – серіктес оқу орыннан. Қос диплом бағдарламасының әзірленуі және жүзеге асырылуы ҚАЕУ-ді халықаралық деңгейде мойындауының дәлелі болып табылады.

Қос дипломдық бағдарламалардың принципі – студент курстарының бір бөлігін өз университетінде, ал қалғаны серіктес университетте, екеуінің де кредиттік жүйемен аяқтайды. Сабақтар, әдетте, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Студенттер оқу ақысын сол кезде оқып жатқан университетке төлейді. Әдетте, қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша орындар саны шектеулі және бәсекеге қабілетті.

Қос диплом бағдарламасының аяқталуы ЖОО аяқтаған соң жұмыспен қамтылуына, Қазақстанда да, шетелде де жұмыс жасауына мол мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта ҚАЕУ келесі қос дипломды бағдарламадарды ұсынады:

1.    Ресей Федерациясы Орталық Одағының «Сібір тұтыну кооперациясының университеті» жеке жоғары оқу орны (Сіб ТКУ)

38.04.02 «Менеджмент» (Ресей Федерациясы) және 7М04102 «Менеджмент» (Қазақстан Республикасы) мамандықтары бойынша білім алған студенттерге экономика және бизнес магистрі және экономика ғылымдарының магистрі дәрежесі беріледі.

2. Жоғарғы білім берудің «Алтай мемлекеттік университеті» федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі (ЖБ  «АлтМУ» ФМББМ)

41.04.05 «Халықаралық қатынастар» (Ресей Федерациясы) және 7М03102 «Халықаралық қатынастар» (Қазақстан Республикасы) білім беру бағдарламалары бойынша оқудан өткен студенттерге халықаралық қатынастар бағыты бойынша магистр және әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесі беріледі.


Қосымша ақпарат алу үшін байланысу:

Бордияну Илона Владимировна – ҚАЕУ, Бизнес кафедрасы,

М. Горький көшесі-76, 401 каб., телефон: 8/7232/50-28-58

Алембаев Кайрат Оралканович – ҚАЕУ, Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы,

М. Горький көшесі-76, 407 каб., тел. 8/7232/50-28-39