Студенттердің Ғылыми-Зерттеу Жұмыстары
Қазақстан-Американдық еркін университетінде білім алушылардың ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған ғылыми зерттеулер оқу және тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын ағымдағы мынадай жағдайларды ескертеді:
- Ғылыми-зерттеу процесінде оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық жабдықтаудың жеткіліксіз деңгейі;
- Ғылыми-өнеркәсіптік және тәрбиенің маңызды әлеуметтік-педагогикалық институт ретінде білім беру рөлінің өзгеруі.
Осыған байланысты бірнеше тілді меңгерген, көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған мақсатты дайындық жұмыстарының қажеттілігі туындайды. Ана тілі мен мемлекеттік тілді білу, шет тілдерін оқып үйрену, мемлекет пен онда тұрып жатқан халықтың тарихын білу жоғары кәсіптік білім беру мамандықтарының оқу жоспарларында, ғылыми зерттеулерінде, аудиториядан тыс жұмыстарында қамтылған.
СҒЗЖ негізгі мақсаты- ЖОО-ның басшылығы мен ПОҚ ЖОО-да тиімді интеграцияланған тәрбие жүйесін дамыту үшін оңтайлы ғылыми-әдістемелік, ұйымдастырушылық, кадрлық, ақпараттық және басқа да жағдайларды қамтамасыз етуі. Бұл білім алушыны көпмәдениетті, адамгершілігі мол, жоғары интеллектуалдық бағыттылығымен, бәсекеге қабілеттілігімен ерекшеленетін тұлға ретінде қалыптастыруға, болашақ маманның кәсіптік дамуына және әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді. Шығармашылығы жағынан тұтас дамыған тұлға өз кезегінде тәрбие саласында әлемдік тәжірибенің жаңа жетістігі мен ұлттық дәстүрлерді пайдалану негізінде жоғары азаматтық ұстаныммен нағыз күрделі міндеттерді практикалық түрде өз бетімен шеше білу керек.
СҒЗЖ міндеттері:
- Ғылыми зерттеулер арқылы тәрбиенің әлеуметтік мәртебесін көтеру.
- ЖОО-ның тәрбие жұмысын нығайту және дамыту.
- Білім алушы жастардың көшбасшылық қасиетін дамытуға, өзін-өзі басқару арқылы оқытуға ден қоя отырып, тәрбиелік процесті басқарудың демократиялық стилін дамыту.
- Студент жастар ортасында этникалық және ұлтаралық қатынастар мәдениетін арттыру.
- Қоршаған болмысқа деген құндылық қатынастарын қалыптастыру (тілге, мәдениетке, тарихқа, дәстүрлерге, дінге және т.б.)
- Адамгершілік және азаматтық тәрбиенің гуманистік принциптерін, мазмұны мен тетіктерін дамыту.
- Адам құқығы Декларациясына сәйкес жастар мен балалар құқықтарына құрметпен қарауды қалыптастыру.
- Білім алушыларға психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік көмек көрсету жүйесін құру.
- Біртұтас педагогикалық процесте тәрбиені басқарудың кәсіби деңгейін арттыру және университеттің басқа әлеуметтік институттармен өзара әрекеттесу жүйесін қамтамасыз ету.
- СҒЗЖ қазіргі жағдайдағы маңызы, оның мақсаттары, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері мен тәсілдері туралы педагогикалық кадрлар мен басшылардың теориялық білімдерін тереңдету және кеңейту.
- Басшылар мен педагогикалық кадрлардың этнопедагогикалық ой өрісін жетілдіру, мемлекеттік тілдің, өнер мен мәдениеттің, қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының маңызы туралы жанама ұғымдарды жою.
- Этнопедагогикалық білім мәселесі бойынша мамандарды дайындау және қайта дайындықтан өткізу.
СҒЗЖ жоғарыда аталған міндеттері мен мақсаттары аясында ЖОО жыл сайын дайындықтың барлық бағыты бойынша ғылым мен шығармашылық апталығы өткізіледі. Ең үздік жұмыстар республикалық «Қазақстан-Американдық еркін университетінің Хабаршысы» ғылыми журналында жарияланады.
Студенттердің Қазақстанда өндірістік практикадан өту базалары ретінде облыстағы шетелдіктер тартылған ірі кәсіпорындар: «Қазмырыш» АҚ, ҮМЗ АҚ, «ТМК» АҚ, «AES» компаниясы және т.б. болып табылады. Кейбір кәсіпорындардың арнайы тапсырысымен орындалған түлектердің жұмыстары практикаға енгізіледі және ғылыми-өндірістік жоба болып табылады.
Ең үздік дипломдық және бітіру жұмыстары елеулі ғылыми зерттеулер болып табылады және кафедралардың бастамасымен үздік жұмыстардың аннотациялар жинағы шығарылады.
Бұл – СҒЗЖ бір түрі ғана емес, бұл студенттердің ғылыми жұмысын қолданбалы және іргелі деңгейге көтерген ғылыми жетекшілердің кәсіби шеберлігі.