Жатақхана

Өтініш беру

Жатақханадан орын алу үшін 25 тамызға дейін өтініштерді қабылдау жүзеге асырылады.

27 тамызда конкурстық комиссияның отырысы негізінде жатақханадағы орындарды бөледі.

31 тамыздан бастап жатақханаға орналасу жүзеге асырылады.

Көрсетілген күні (объективті себептермен) қоныстануға келе алмайтын білім алушылар студенттерге қызмет көрсету орталығында (бұдан әрі – СҚКО) қоныстануды басқа күнге ауыстыра алады.

Жатақханаға орналасу алгоритмі

Жатақханадан орын алу туралы электрондық хабарлама алған кезде:

1-қадам

Қажетті құжаттар тізімін дайындаңыз:

  • жеке куәліктің көшірмесі (ЖСН-мен немесе туу туралы куәлік)
  • 3*4 фотосурет (1 дана)
  • эпидемиологиялық орта туралы рұқсат (медициналық пункттен алу керек)
  • оқу орнынан анықтама

2-қадам

Құжаттар жиынтығымен студенттерге қызмет көрсету орталығына (ҚАЕУ бас корпусы, М.Горький көшесі, 76, 119-кеңсе) барып, өтінішті ресімдеу және жатақханаға орналасуға жолдама алу.

3-қадам

Жатақханаға орналасу (Шәкәрім даңғылы, 160) және бір апта мерзімде жатақханада тұру туралы келісім шарт жасасу.

4-қадам

Жатақханаға орналастыру туралы бұйрық шыққаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде тұру үшін төлем жүргізілуі керек (айына – 16000 теңге, грантта оқитын білім алушыларға-8000 теңге). Төлемді университет кассасында жасауға болады. Төлем туралы түбіртекті жатақхана директорына беру қажет.