Ала-Тоо Халықаралық Университетіне  сапар

2024 жылғы 3 қазанда Қазақстан-Американдық еркін университетінің құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы С.А.Мужчиль Бішкек қаласында (Қырғызстан Республикасы) орналасқан  Ала-Тоо Халықаралық университетіне барды.

2023 жылғы 15 қыркүйекте ҚАЕУ мен Ала-Тоо Халықаралық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Савелий Александровичтің бұл сапары осы меморандум аясында өтті.

Оқытушы үшін университет кампусы бойынша экскурсия ұйымдастырылды, оның барысында ол университеттің тарихымен және студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамының жетістіктерімен таныстырылды. Сондай-ақ, ҚАЕУ мен Ала-Тоо Халықаралық университеті арасындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

Ала-Тоо  Халықаралық университетіне жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы

Посещение Международного Университета Ала Тоо