Азаматтық процесс және төрелік тақырыбында ТМЮ-де қонақ дәрісі
2024 жылғы 19 ақпанда Қазақстан-Америка Еркін университетінің Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы Е. М. Жүніспеков академиялық ұтқырлық аясында Ташкент мемлекеттік заң университетінде (Ташкент қ.) “Қазақстан Республикасындағы экономикалық және инвестициялық даулар бойынша азаматтық процестің ерекшеліктері” тақырыбында “Құқықтану”мамандығының студенттеріне қонақ дәріс өткізді.
Дәріс барысында студенттерге сотқа дейінгі реттеуді, экономикалық және инвестициялық даулар бойынша азаматтық сот процесін жүзеге асырудың, Қазақстан Республикасында төрелік өткізудің кейбір ерекшеліктері туралы айтылды. Сондай-ақ студенттерге ҚР Кәсіпкерлік кодексінің инвестициялық қызметке, инвестициялық келісімшарттар бойынша дауларды шешуге қатысты кейбір нормалары туралы айтылды.
Студенттер азаматтық процесті жүзеге асыру, татуластыру рәсімдерін жүргізу және экономикалық даулар бойынша медиация бойынша сұрақтар қоя алды.
Қазақстан мен Өзбекстанның жоғары оқу орындары арасындағы өзара жемісті ынтымақтастық білім беруді, ғылымды және мәдени байланыстарды дамыту, олардың жалпы өркендеуіне және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ету үшін стратегиялық маңызға ие.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы