ҚАЕУ институционалдық зерттеулер орталығы

ҚАЕУ-дің Институционалдық зерттеулер орталығы (ИЗО) – университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. ИЗО өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, білім беру құрылымдарының қызметін реттейтін ҚР нормативтік және құқықтық актілерін, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолданыстағы заңнамасын, ҚАЕУ Жарғысын, ҚАЕУ-дің ІСҚЕЖ жөніндегі нұсқаулығын сондай-ақ, зерттеушінің этикалық кодексін басшылыққа алады.

ИЗО мемлекеттік тіркеусіз және заңды тұлға мәртебесін алмай жұмыс істейді. ИЗО өзіндік мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін ҚАЕУ-дің мүлкін, қаражатын және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де ресурстарды пайдаланады.

ИЗО-ның мақсаттары мен міндеттері

ИЗО-ның негізгі мақсаты – университет қызметінің сапасын арттыруға және білім беру үдерісін жетілдіруге ықпал ету. Осы мақсатқа жету үшін орталық келесі міндеттерді алға қояды:

  • әртүрлі процестер бойынша мониторингтік зерттеулер жүргізу;
  • зерттеу нәтижелерін талдау;
  • ҚАЕУ Академиялық сапа жөніндегі кеңесімен бірлесіп, зерттеулердің негізгі элементтері мен нәтижелерін, ұсыныстар мен түзету жұмыстарын түсіндіру бойынша отырыстар ұйымдастыру;
  • аналитикалық ақпаратты жинау, сақтау және жүйелеу;
  • ҚАЕУ Ғылыми кеңес, ректорат, факультет деканаттары және кафедралармен өзара әрекеттесу;

Институционалдық зерттеулер

ИЗО басшысы жылына кемінде бір рет ҚАЕУ-де институционалдық зерттеулер жүргізу жоспарын әзірлейді. Жоспар келісілгеннен кейін күшіне енеді және барлық құрылымдық бөлімшелер үшін міндетті болып саналады.

Зерттеулер жүргізу тәртібі мен есептілік жалпы ішкі институционалдық зерттеулер жүргізу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Зерттеуді тікелей ИЗО қызметкерлері жүргізеді.

Институционалдық зерттеулер шеңберінде білім беру үдерісіне қатысатын кез келген топтар мен университеттің бөлімшелері сауалнамаға қатыса алады.

Зерттеу ұзақтығы оның түріне, ерекшеліктеріне және қамтылатын аудиторияның (респонденттердің санының) көлеміне байланысты болады. Зерттеу аяқталғаннан кейінгі дайындалған есеп университеттің жоғары басшылығына және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілеріне ұсынылады.

Зерттеу нәтижелерінің сандық және сапалық талдауын ИЗО мамандары математикалық және статистикалық әдістерді қолдана отырып жүргізеді.

Институционалдық зерттеулер нәтижесінде алынған дерек пен талдау келесідей ақпарат береді:

  • институционалдық мониторингтік зерттеулердің нәтижелерін талдауы.
  • қалыптасқан жағдай мен басым пікірлердің мониторингі;
  • қауіп аймақтарының және олардың ықтимал себептерінің анықталуы;
  • ұсыныстар, мүмкін стратегиялар мен түзету шаралары;