«Болашақ ұрпағы: XXI ғасыр көшбасшылары» жобасын

Қазақстан-Американдық еркін университеті, халықаралық серіктестік  ЖОО, 2024 жылы өзінің 30 жылдығын атап өтеді. Өзінің тарихы кезеңінде университет өзінің негізгі міндетін лайықты орындауда: кәсіби мамандардың жаңа буынын дайындау үшін сәтті әзірлеген бірегей технология Қазақстанды қарқынды дамып жатқан әлемде сенімді бәсекеге қабілеттілікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазақстан-Американдық еркін университетінің қызметінде бейнеленген халықаралық серіктестік  үлгісінің маңызды құрамдас бөлігі оның жоғары мектебінің білім сапасына қол жеткізу жолында тұжырымдамалармен, идеялармен, ресурстармен және тәжірибемен бөлісуге дайын  екендігі болып табылады. Жаһандану процесінде тек білім беру кең ауқымды халықаралық ынтымақтастықтың негізгі буынына, оның  нақты саласына айналады.

Дәл осы мақсатта Қазақстан-Американдық еркін университеті өзінің 30 жылдығына орай «Болашақ ұрпағы: XXI ғасыр көшбасшылары» жобасын ашуда. Бұл жоба мектептерде және ТжКБ ұйымдарында оқушылардың шығармашылық әлеуетін іске асыруға және XXI ғасыр көшбасшыларын қалыптастыру идеясын кеңінен насихаттауға арналған бірқатар іс-шараларды қамтиды. Бұл жобаны жүзеге асыру бекітілген жоспарға сәйкес олимпиадаларға,  байқауларға, қонақтық және басқа да іс-шараларға қатысуды қамтиды.

ҚАЕУ тұрақты Президенті – ҚР ҰҒА, бірнеше Халықаралық академиялардың академигі, ғылым докторы, профессор, жаратылыстану ғылымдарының Құрметті докторы, «Парасат» орденінің иегері Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиев. Білім берудің ірі ұйымдастырушысы, республикадағы үшінші мемлекеттік университеттің (ШҚМУ) және халықаралық серіктестіктегі алғашқы жеке меншік университетінің (ҚАЕУ) құрушысы, бүкіл республика бойынша табысты жүзеге асырылған университет жүйесі мен ғылымды реформалаудағы бірқатар жаңалықтардың авторы.

«Болашақ ұрпағы: XXI ғасыр көшбасшылары» жобасының табысы университет беделін  дәлелдеу ғана емес, сонымен қатар қазіргі әлемді жақсы жаққа өзгертуге қабілетті XXI ғасыр көшбасшылар ұрпағын қалыптастырудағы прогрессивті тенденциялардың символы болады деп сенеміз.

Шығыс Қазақстан облысы мектептері мен ТжКБ ұйымдарына арналған іс-шаралардың жоспар- кестесі

2024-2025 оқу жылы

КүніАтауыМақсатты аудиторияБайланыстар
  Қазан
11   қазан (жұма)Әдеби қонақжай
(ақпараттық хат)
9-11 сыныптар оқушылары, ТжКБ ұйымдарының студенттері50-29-41
  Қараша
15 қараша (жұма)Қазақ әдебиетінің үш көрнекті тұлғасының 130 жылдығына арналған өңірлік  жоба байқауы (Сәкен Сейфуллин, Ільяс Жансугуров, Бейимбет Майлин)
(ақпараттық хат)
9-11 сынып оқушылары, ТжКБ ұйымдарының студенттері50-29-41
29 қараша (жұма)«Полиглот» қазақ, орыс және ағылшын тілінен XVII Өңірлік олимпиада
(ақпараттық хат)
11 сынып оқушылары50-28-33
  Желтоқсан
10-11   желтоқсан (сейсенбіәрсенбі)Постерлер Өңірлік байқауы
(ақпараттық хат)
9-11 сынып оқушылары, ТжКБ ұйымдарының студенттері50-29-41
  Қаңтар
16-17 қаңтар (бейсенбіжұма)Орыс тілі мен әдебиетінен II Өңірлік олимпиада11 сынып оқушылары50-29-41
  Ақпан
21 ақпан (жұма) «Мұғалім мамандығының әлемін аш…» тұсаукесерлер Өңірлік Байқауы
(ақпараттық хат)
ТжКБ педагогикалық ұйымдардың студенттері50-29-41
28 ақпан (жұма)Қазақ тілі мен әдебиетінен өңірлік олимпиада
(ақпараттық хат)
10-11 сынып оқушылары50-29-45
  Наурыз
14 наурыз (жұма) «Көркемсөз оқу шеберлері», Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған байқау
(ақпараттық хат)
ТжКБ педагогикалық ұйымдардың студенттері50-29-45
28 наурыз (жұма)Coding Skills бағдарламалау бойынша VIII өңірлік олимпиада
(ақпараттық хат)
Мектептердің 11 сынып   оқушылары, ТжКБ ұйымдардың студенттері50-28-58
31 наурыз (дүйсенбі)Дауыстап оқушылардың I Өңірлік байқауы
(ақпараттық хат)
8-11 сынып оқушылары, ТжКБ ұйымдардың студенттері50-29-41
  Сәуір
18 сәуір (жұма)“Striving for excellence” ағылшын тілінен өңірлік командалық олимпиада
(ақпараттық хат)
Мектептердің 9-11  сынып оқушылары және ТжКБ ұйымдардың 1-2 курс студенттері50-28-33
25 сәуір (жұма) «Түрік әлемі:өткені, бүгіні және болашағы» Қазақстан тарихынан VII Облыстық олимпиада
(ақпараттық хат)
11 сынып оқушылары50-28-39
29 сәуір (сейсенбі) «Мен –кәсіпкермін» бизнес-жобалардың облыстық турнирі
(ақпараттық хат)
Мектептердің 9-11  сынып оқушылары және ТжКБ ұйымдардың 1-2 курс студенттері50-28-58