«Бизнес» кафедрасы бакалавриат
6В04102 «Менеджмент» білім беру бағдарламасы
Дәрежесі: 6В04102 «Менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры.
Біліктілік сипаттамасы: бизнес және басқару бакалавры келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай білуі қажет: басқару-ұйымдастыру, экономикалық-жоспарлау, зерттеу, әлеуметтік даму және материалдық өндірісті басқару саласындағы педагогикалық және коммерциялық қызметтер. бизнес және басқару бакалаврының тұтастай алғанда кәсіпорындар мен ұлттық экономиканы басқарудың даму тенденциялары туралы ұғымы, туындаған мәселелердің негізгі құбылыстарының маңызын ұғыну, өнідіріс ұйымының және ұйымдар мен кәсіпорындарды бақару негізін білуі қажет; әкімшілік, басқару қызметтерді сапалы орындай білу, сыртқы ортаның динамикалық дамуының стандартты емес жағдайындағы мәселелер мен практикалық міндеттерді шеше білу дағдысы болу керек; экономика саласында ұйымдар мен кәсіпорындарды басқаруда жан жақты білімді болуы қажет.
Кәсіптік қызмет нысандары: коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар.
Берілетін дәреже: «Менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры
Біліктілік сипаттамасы: бизнес және басқару бакалавры келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: материалдық өндіріс пен әлеуметтік дамуды басқару саласында ұйымдастырушылық – басқарушылық, жоспарлы-экономикалық, зерттеу, педагогикалық және коммерциялық. Бизнес және басқару бакалавры кәсіпорындар мен жалпы ұлттық экономиканы басқарудың даму тенденциялары туралы түсінікке ие болуы, туындайтын проблемалардың негізгі құбылыстарының мәнін түсінуі, кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруды және өндірісті ұйымдастыру негіздерін білуі тиіс; басқарушылық, әкімшілік, функцияларды сапалы орындай білу; динамикалық дамып келе жатқан сыртқы орта жағдайында стандартты емес жағдайларда практикалық міндеттер мен проблемаларды шешу дағдысының болуы; экономика, кәсіпорындар мен ұйымдарды ұйымдастыру және басқару саласында құзыретті болуы, ағылшын тілінде кәсіби әдебиетті оқу, түсіну, түсіндіру және талдау, ағылшын тілінде кәсіби коммуникацияны жүзеге асыра білуі керек.
Кәсіби қызмет нысандары: коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, оның ішінде халықаралық ұйымдар.
6В04104 «Қаржы» білім беру бағдарламасы
Дәрежесі: 6В04104 «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша экономика бакалавры.
Біліктілік сипаттамасы: білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры өз мамандығына сәйкес қаржы-кредит жүйесінде ғана емес сонымен қатар оның нақты бір саласындағы кәсіптік қызметке дайын болуы макро және микро деңгейдегі қаржы саласы мен валюта-кредиттік, қаржы саласындағы ақша айналымы бойынша жеткілікті дәрежеде білімі керек, қаржы, ақша айналымы мен кредит, салық салу, валюта-кредиттік қатынас, қаржылық-банк қызметі, бухгалтерлік есеп, қаржылық бақылау, аудит пен шаруашылық қызметтік талдау, статистиканың игерілген мамандық саласындағы заң жүйесін, экономикалық-математикалық моделдеу, маркетинг пен менеджмент, компьютерлік жүйе және басқа да пәндер саласында теориялық және практикалық дағдысы болу қажет.
Кәсіптік қызмет нысандары: республикалық және территориялық деңгейдегі мемлекеттік органдар; ҚР қаржы Министрлігі, ҚР Ұлттық банк; ведомстволар мен Министрліктің экономикалық қызметтері; банктер, биржалар, бюджеттік мекемелер мен ұйымдар; инвестициялық қорлар; қаржы органдары, салық органдары, қаржы компаниялары; сақтандыру компаниялары; фирмалар, әр түрді шаруашылықты жүргізу субъектілері.
Берілетін дәреже: 6В04104 «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша экономика бакалавры
Біліктілік сипаттамасы: экономика бакалавры қаржы – несие жүйесі саласында да, өзінің мамандануына сәйкес оның нақты салаларында да кәсіби қызметке дайын болуы тиіс, ақша айналымы, валюта-несие және қаржы салаларында макро және микродеңгейде қажетті білімді меңгеру, қаржы, ақша айналымы және кредит, салық салу, валюталық-кредиттік қатынастар, қаржы-банк қызметі, бухгалтерлік есеп, қаржылық бақылау, шаруашылық қызметті талдау және аудит, статистика, сатып алынатын мамандық саласындағы заңнама, маркетинг және менеджмент, экономикалық-математикалық модельдеу, экономикалық ақпарат, компьютерлік жүйелер және басқа пәндер саласында теориялық білім мен практикалық дағдыға ие болу, ағылшын тілінде кәсіби әдебиетті оқу, түсіну, түсіндіру және талдау, ағылшын тілінде кәсіби коммуникацияны жүзеге асыра білуі керек.
Кәсіби қызмет нысандары: республикалық және аумақтық деңгейдегі мемлекеттік органдар; ҚР Қаржы министрлігі; ҚР Ұлттық Банкі; Министрліктер мен ведомстволардың экономикалық қызметтері; банктер, биржалар, бюджеттік мекемелер мен ұйымдар; инвестициялық қорлар; қаржы органдары, салық органдары, қаржы компаниялары; сақтандыру компаниялары, фирмалар, түрлі нысандағы шаруашылық жүргізуші субъектілер, халықаралық экономикалық қызметтер
6В04101 «Экономика» білім беру бағдарламасы
Дәрежесі: 6В04101 “Экономика” білім беру бағдарламасы бойынша экономика бакалавры
Біліктілік сипаттамасы: экономика бакалаврының экономикалық және ұйымдастыру сипатында арнайы теориялық білім мен практикалық дағдысы болу қажет, ақпарат өңдеуді, сыртқы ортаның даму жағдайында шешім қабылдауды, жағдайға байланысты басқарудың теориялық және практикалық дағдысы, заманауи технологияларды жинау, қолдану, ақпаратты өңдеу, сақтау дағдысын игеруі қажет, тәуекел мен белгісіздік үшін жеткілікті дәрежеде теориялық дайындығы болу керек.
Кәсіптік қызмет нысандары: қызмет түріне, көлеміне, меншік түріне қатысы жоқ ұйымдар мен фирмалар, меншік түрлері мен қатысушы санаттары (ҚР резиденттер мен резиденттік емес), қоршаған ортаны қорғау және әр түрлі деңгейде табиғатты тиімді пайдалану мекемелері, жалпы білім беру мекемелері (гимназиялар, колледждер); ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдар.
6В04103 «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы
Дәрежесі: 6В04103 «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша экономика бакалавры.
Біліктілік сипаттамасы: аталмыш пәннің бакалавры ұйымдағы қаржы, шаруашылық және басқару қызметін: шаруашылық операцияларды тіркеуді, ҚЕХС сәйкес қаржы есептерін құрастыра білу; АХС сәйкес қаржы есебінің аудиті мен талдаумен жұмыс істей білу дағдысы болу керек.
Кәсіптік қызмет нысандары: кәсіпорын мүліктері, оның міндеттері, құрамы өзгеріске ұшыраған капитал мен шаруашылық операциялары, активердің орналасуы және оның қалыптасу негізі, сонымен қатар экономиканың түрлі саласы бойынша саланың ерекшеліктері ескерілген ұйымдардың қызметі: мемлекеттік басқару органдары, (Министрліктер мен ведомстволар, Салық комитеті, ҚР Статистика бойынша Агенттігі): ғылыми-зерттеу мекемелері, ұйымдар мен фирмалар.
6В04105 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы
Дәрежесі: 6В04105 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры.
Біліктілік сипаттамасы: экономика және бизнес бакалаврының экономиканы мемлекеттік басқарудың теориялық-әдістемелік және ұйымдық негізі туралы ұғымы болу керек, ауыл шаруашылығын тиімді сәйкестікпен қамтамасыз ету, макроэкономикалық процестерді реттеу; ауыл шаруашылығын басқарудың нарықтық және жоспарлы моделдерін байланыстыру әдістері мен негіздері туралы ұғымы, оның шешімі бір мезгілде жалпы мемлекеттік, салалық және аймақтық мүдделерді есепке алуды талап етеді; жалпы экономикалық және мемлекеттік басқару органдарының қызметін ұйымдастыру негізі мен құрылымын білуі қажет.
Кәсіптік қызмет нысандары: Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Аппараты; ҚР Парламентінің аппараты; ҚР Үкіметінің әр түрлі құрылымдық бөлімшелері, экономиканы және қаржыны басқару органдары (министрліктер, ведомстоволар және агентсттіктер); жергілікті басқару органдары (аудан, облыс, қала әкімшіліктері); атқару органдарының аппараттары; ұлттық мемекеттік және жеке компаниялар, концерндер, корпорациялар және т.б..
6В11101 «Туризм» білім беру бағдарламасы
Дәрежесі: қызмет көрсету саласының бакалавры.
Біліктілік сипаттамасы: қызмет көрсету саласының бакалавры төмендегі атқару қызметтерін орындауға дайын болу керек: заманауи туристік саланы объективті бағалай білу, кадрлық және материалдық қамтамасыз етуді қоса алғанда, сонымен қатар өз елінде және шетелде туристік нарықтың дамуын дәлелмен болжай білу; туристік қызметтің болашақ бағыттарын анықтау, туристік-экскурсиялық және қонақ үй қызметінде жедел турларды тартымды экзотика элементтерін қатыстыра отырып қызмет көрсетудің жоғары сапасы бойынша тиімді бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру, қажетті мемлекеттік және жеке ұйымдармен, туристік фирмалармен, агенттіктермен, қонақ үйлермен, кеден және салық қызметтерімен, шекаралық биліктермен, ішкі істер органдарымен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен, туристік индустрияны басқару құрылымдарымен өзара әрекетті ҚР-да, шетелде тиімді жүзеге асыру.
Кәсіптік қызмет нысандары: туризм ұйымына қатысты (министрлік, әкімшілік, олардың аймақтық бөлімшелері мен құрылымдары) мемлекеттік басқару органдары; туристік бизнеспен айналысатын мемлекеттік және жеке компаниялар; туристік бағытттағы консалтингтік компаниялар; туристік кәсіпорынның маркетингтік қызметтері; туризмнің инфрақұрылым нысандары; туризм бойынша орта буын мамандарды дайындайтын оқу орындары; туризмнің даму мәселесін зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу ұйымдары; ішкі және сыртқы нарықта туристік қызмет көрсетумен айналысатын жарнама агенттіктері; төтенше жағдайлар бойынша Министрлік жүйесінің ұйымдары.
6В06101 «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы
Дәрежесі: 6В06101 «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры.
Біліктілік сипаттамасы: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры ақпараттық жүйенің әр түрлі компоненттері мен тұтас ақпараттық жүйелерді әзірлеуге және жобалай білуге дайын болуы керек; ақпараттық жүйелердің желілік инфрақұрылымын орнату, басқару, конфигурациялау; ақпараттық жүйелердің мәліметтер базасын жобалау және басқару; ақпараттық жүйелер мен олардың элементерін ақпараттық, бағдарламалық, техникалық және ұйымдық құқықтық қамтамасыз етуге сүйене отырып жүзеге асыру.
Кәсіптік қызмет нысандары: ақпараттық жүйелер мен желілерді ұйымдық-құқықтық және техникалық, бағдарламалық, ақпараттық, математикалық жағынан олардың жобалау әдістері мен тәсілдерін бірге әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу және эксплуатациямен қамтамасыз ету.
6В06102 «Есептеу теxникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы
Берілетін дәреже: 6В06102 “Есептеу теxникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету” білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық теxнологиялар саласының бакалавры
Біліктілік сипаттамасы. Ақпараттық-коммуникациялық теxнологиялар саласының бакалавры кәсіби қызметтің келесі түрлерін атқара алады: есептеу теxникасы құралдарын, компьютерлік ақпаратты өңдеу мен басқару жүйелерін жүзеге асыру үшін бағдарламалау құралдарын қолдану; кәсіби қызмет нысандарын математикалық, ақпараттық және бағдарламалық элементтермен қамтамасыз етуді жобалау; кәсіби қызмет нысандарының жұмыс істеуімен байланысты есептеуіш және ақпараттық үрдістердің математикалық және бағдарламалық үлгілерін жасау және зерттеу; математикалық құбылыс үлгілерін, үрдістер мен есептеу теxникасының амалдар жүйесін таңдау және жүзеге асыру; теxнологияны, құрал-саймандық бағдарламалық амалдарды және өңдеу үрдісін жүзеге асыруда, кәсіби қызмет нысандарын зерттеуде есептеу теxникасы құралдарын таңдау; ақпарат пен басқаруды өңдейтін есептеу теxникасы мен компьютерлік жүйелерді жүйелік, құрал-саймандық, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету, орнату және қалпына келтіру; бағдарламалық өнімді, ақпарат пен басқаруды өңдейтін компьютерлік жүйелерді ілестіру; математикалық, ақпараттық, теxникалық, эргономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз етуді өңдеу мен пайдалану, ақпарат пен басқаруды өңдейтін компьютерлік жүйелердің (бағдарламалар, бағдарламалық кешендер мен жүйелер) есептеу теxникасы құралдарын бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеу.
Кәсіби қызмет нысандары: есептеу теxникасы мен түрлі салада бағдарламалық қамтамасыз етуді дамытатын, енгізетін, қолданатын мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындар мен мекемелер, дәлірек айтқанда, машина жасау, көлік, телебайланыс, ғылым мен білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету аясында, әкімшілік басқаруда, экономикада, бизнесте, түрлі теxнологиямен басқаруда, яғни, қызметтің барлық аясында.
6В04106 “Мемлекеттік аудит” білім беру бағдарламасы
Берілетін дәреже: 6В04106 “Мемлекеттік аудит” білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры
Біліктілік сипаттамасы. Бизнес және басқару бакалавры келесі қызмет түрлерін атқара алады: аналитикалық, ғылыми-зерттеушілік, ұйымдастырушылық-басқару, есептік; әр түрлі қызмет саласында есептеу-қаржылық. Бизнес пен басқару бакалавры кәсіби қызмет аясына жататын стандартты теориялық және зерттеліп жатқан үрдістердің эконометрикалық үлгілерін, құбылыстар мен нысандар құрылымын ұсынуы қажет; шаруашылық жүргізуші субъект қызметін сипаттайтын экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді есептеуге қажетті бастапқы берілгендердің талдауы мен жиынына қабілетті болу; меншіктің, ұйымдардың, мекемелердің түрлі пішіндерінің кәсіпорын есептілігін қамтитын қаржылық, буxгалтерлік және өзге ақпаратты талдай алу мен түсіндіре білу және алынған мәліметтерді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қолдану; басқарушылық шешімдердің ұсынылып отырған нұсқаларын сыни бағалауға қабілетті болу, әлеуметтік-экономикалық тиімділік сынының тіркелуімен оларды жүзеге асыруда ұсыныстарды, тәуекелдер мен мүмкін экономикалық салдарды өңдеу және негіздеу; аудит, буxгалтерлік есептеу саласында білікті болу.
Кәсіби қызмет нысандары: сала ерекшелігі тіркелген экономиканың әр түрлі салаларының мекемелері (Министрлік және мекеме, салық комитеті, ҚР статистика жөніндегі агенттік) ғылыми-зерттеу мекемелері, ұйымдар мен ұйымдастырушылық-құқықтық формасынан тәуелсіз фирмалар.
6В11102 “Ресторандық іс пен қонақ үй бизнесі” бағдарламалық қамтамасыз ету
Берілетін дәреже: 6В11102 “Ресторандық іс және қонақ үй бизнесі” білім беру бағдарламасы бойынша саланың бакалавры
Біліктілік сипаттамасы. Қызмет көрсету аясындағы бакалавр келесі қызмет түрлерін атқара алады: ұйымдастырушылық басқару; өндірістік-теxнологиялық; сервистік; ғылыми-зерттеушілік; білім беру (педагогикалық). Қызмет көрсету бакалавры менеджмент, маркетинг, қаржы, микроэкономикалы, макроэкономикалық құбылыстарды ұсынуы қажет, қызметті тұтынушыларға тиімділігі жоғары қызмет көрсетуді ұйымдастыра алу; тұтынушыларды орналастыруда, қызметкер жұмысына, қонақ үй үй-жайында және туристік, ресторандық кешендерде тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге, еңбек күзеті ережелерінің және қағидаларының, өндірістік санитария мен гигиена талаптарының орындалуына бақылау жасау, ресторандық іс пен қонақ үй бизнесі аясында білікті болу.
Кәсіби қызмет нысандары: қоғамдық тамақтандырудың ресторан деңгейіндегі мекемесімен байланысты мемлекеттік басқару органдары (министрліктер, әкімшіліктер, олардың жергілікті бөлімшелері мен құрылымдары); ресторандық және қонақ үй бизнесімен айналысатын мемлекеттік, жекеменшік компаниялар; қызмет көрсету аясы, тамақтандыруды ұйымдастыру мекемелеріне байланыстырылған кәсіпорындар (ресторандар, қонақ үйлер және басқа да құрылымдар); тамақтандыруды дамыту, тамақтандыру мекемелеріндегі маркетинг мәселелерін зерделеумен айналысатын ғылыми-зерттеу мекемелері, ресторандық іс пен қонақ үй бизнесіндегі қызметті ішкі және сыртқы нарыққа жетелеумен айналысатын жарнама агенттіктері.