Электронды каталог
Университеттің электронды каталогы бұл әдебиеттер мен ресурстар есебінің қозғалысы, іріктеу және кітап қорын ұйымдастыру; оқырмандарға қызмет көрсету және «КАБИС» бағдарламасы бойынша басқа да ақпараттық-аналитикалық қызметтер базасы болып табылады.
ҚАЕУ ресурстық орталығында «КАБИС» кітапханаларды автоматтандыру жүйесінің бағдарламасы пайдаланылады. Аталмыш бағдарлама кез келген типтегі және профилдегі кітапхана жағдайында пайдалануға арналған, кітапхана технологиясын автоматтандыру үшін типтік интерграция шешімін қарастырады. Жүйе электронды каталогты (ЭК) құрастыратын кез келген көлемдегі деректер базасын сақтай алады және ол үшін бар жағдайды жасайды немесе белгілі бір мәселеге бағытталған библиографиялық деректер базасын (ДБ) қарастырады. Бұл жүйе кез келген сәйкестік сипаттау элементі бойынша жедел іздестіру нәтижесі негізінде сөздіктерді автоматты құру технологиясын құрайды.
Каталогтандыру құралдары кез келген басылым түрлерін аудио-бейне материалдарды, картографиялық материалдар, компьютерлік файлдар мен бағдарламалар, ноталар мен т.с.с сияқты дәстүрлі емес басылым түрлерін қосып алғанда, оларды сипаттауға және өңдеуге мүмкіндік береді.
Жүйеде іріктеу, жүйелеу, каталогтау, оқырмандар ізденісі, кітап беру және басқару технологияларымен бірге автоматтандырылған алты типтегі жұмыс орындарының (АЖО) өзара байланыста қызмет атқаруы негізінде: «Комплектатор», «Каталогизатаор», «Оқырман», «Кітап беру», «Админстратор», «Штрих-кодтау» сияқты барлық типтегі кітапханалық технологиялар жүзеге асырылған.
АЖО «КОМПЛЕКТАТОР» – кітапхана қызметкерінің арнайы деректер базасын жүргізу негізінде кітапхана қорының есебі мен іріктеу қызметін атқаратын жұмыс орнын қарастырады.
Жүйе бір база деректерін бір мезгілде толықтыру (түзету) мүмкіндігі арқылы АЖО-ның «КОМПЛЕКТАТОР» ерікті мөлшерінің қызметін қамтамасыз етеді;
- АЖО «КАТАЛОГИЗАТОР» – электронды каталог бойынша деректер базасын құру (толықтыру және түзету) жөніндегі барлық қызметті атқаратын кітапхана қызметкерінің жұмыс орнын қарастырады. ШЕЖ (ЛВС) жағдайында жүйе бір база деректерін бір мезгілде толықтыру мүмкіндігі арқылы ерікті мөлшерінің қызметін қамтамасыз етеді;
- АЖО «ОҚЫРМАН» – Электронды Каталогтың негізгі пайдаланушысының жұмыс орнын қарастырады, Электронды каталогта ақпаратты тегіс қамти алатын ізденіске, табылған әдебиетті беру үшін тапсырыс жасауға және табылған ақпаратты басып шығаруға/қарауға арналған. ШЕЖ (ЛВС) жағдайында жүйе Электронды каталогты пайдаланушылардың ерікті мөлшерін сол база деректері бойынша бір мезгілде іздеу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді;
- АЖО «КІТАП БЕРУ» – оқырманның жасына лайық құрылған тапсырысқа сәйкес әдебиетті беру жөніндегі қызметті атқаратын кітапхана қызметкерінің жұмыс орнын қарастырады.
- АЖО «АДМИНИСТРАТОР» -деректер базасының өзекті күйін мақұлдауға бағытталған, оның тұтас жүйелік операциясын атқаратын маманның жұмыс орнын қарастырады.
- АЖО «ШТРИХ-КОДТАУ» кітап не оқырман туралы библиографиялық ақпаратты сандық күйінде қамтамасыз ететін көмекші нұсқаушы болып табылады.
Университеттің электронды каталогы Тәуелсіздік даңғылы, 86, 3-қабатта оқырмандар залында қойылған, көруге рұқсат шектеулі желі бойынша жүзеге асырылады. ҚАЕУ кітапханалық-ақпараттық орталығы өзінің жеке толық мәтінді деректер базасы бар: «ҚАЕУ хабаршысы» (http://www.vestnik-kafu.info/), «KAFU Academic Journal» (http://www.kafu-academic-journal.info/), сілтемелер университеттің ресми сайтында көрсетілген.
Қазіргі таңда пайдаланушылардың отандық толық мәтінді кітапханалық электрондық қорларға кіру рұқсаты бар: «Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасы» (https://nabrk.kz/); Республикалық жоо аралық элктрондық кітапхана (www.rmeb.kz.).
Ақпараттық қорларды кеңейту мақсатында кітапханалық-ақпараттық орталық ай сайын Республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхананың www.rmeb.kz. ДБ-на жеке ғылыми және оқу қорын орналастыра алады. Бүгінгі таңда 2613 библиографиялық жазба толық мәтін сілтемесімен табыс етілген.
Университет кітапханасы халықаралық толық мәтінді төмендегі ресурстарға рұқсаты бар: Thomson Reuters «Webof Knowledge» (http://wokinfo.com), Springerlink (http://link.springer.com), Sci Verse Science Direct компании Elsevier (http://www.elsevier.com), Scopus (http://www.scopus.com)
Университеттің компьютерлік сыныптары мен электоронды оқу залдарында барлық базаларға кіру рұқсаты бар. Электронды ақпараттық ресурстардың сапалы іріктелуі студенттер мен қызметкерлерге, ПОҚ-на ғылыми зерттеулердің жаңа материалдарына қол жеткізуге, беделді және рецензияланған контентті алуға, бейінді білім саласында жарияланымды таба білуге көмектеседі.
Университеттің электронды кітапханасы өз пайдаланушыларына құрастырылған жоғарғы оқу орнының ішкі басылымдарын, оқу және ғылыми әдебиеттің толық мәтінді аналогтарын, білім бағдарламалары бойынша пәннің оқу-әдістемелік кешендерін және электронды ресурстардың басқа типтері мен түрлерін ұсынады.
Кітапханада интернет желісіне қосылған 10 пайдаланушының жұмыс орны ұйымдастырылған. Кітапханада үнемі кітап қорын арттыруға қағаз түріндегі даналар, сол сияқты электронды тасушылар бойынша жұмыстар жүргізіледі.