ҚАЕУ спорт секциялары
Бүгінгі күні университетте спорттың әр түрі бойынша 5 секция жұмыс істейді: волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, бадминтон, үстел үсті теннисі.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар:
- салауатты өмір салтын ұстану, дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- студенттерді, оқытушыларды, университет қызметкерлерін дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту;
- ҚАЕУ-дің спорт түрлері бойынша құрама командаларды қалыптастыру және олардың әртүрлі деңгейдегі спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
- спорттық жұмыстың барлық түрлері бойынша топтарды, спорттық секцияларды ұйымдастыру және оларда оқу-жаттығу сабақтарын өткізу.




