«HubTech: қазіргі заманның күші» бизнеске арналған IТ жобаларын қорғау
2024 жылдың 24 сәуірінде ҚАЕУ бизнес-сынып білім алушыларына (11-сынып) арналған «HubTech: қазіргі заманның күші» Pitch Day форматында IT бизнес-жобаларды қорғаудың екінші күні болып өтті, олар ағымдағы технологиялық жетістіктер мен олардың қазіргі қоғамға әсеріне бағытталған. Біздің әлемді өзгерте бастаған жобалар ұсынылды. Білім алушылар бизнес және ІТ саласындағы білімдерін көрсетті, ауылшаруашылық өндірісі, жылжымайтын мүлік сату, медициналық кабинет ашу, спорттық тағамдарды сату, қоғамдық тамақтандыру және гүл бизнесі саласындағы жобалар ұсынылды.
Шығармашылық сайысты Ы. Алтынсарин атындағы №39 орта мектеп директоры Абюрова Гүлмира Қайырқанқызы мен «ҚАЕУ бейіндік сыныптары» жобасының жетекшісі, Қазақстан-Американдық еркін университеті ректорының кеңесшісі Наталья Александровна Нестеренко құттықтау сөзбен ашып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Іс-шара қңірлік «Oskemen Hub» алаңында өтті, онда болашақ креативті идеялар мен жобалардың стартаперлері аудиторияға ұсынылып, құзыретті сарапшылардың бағасына ие болды. Іс-шараның сарапшылары болғандар: PhD, профессор, бизнес кафедрасының меңгерушісі Бордияну Илона Владимировна, Terry coffee маркетологы Қалымбеков Ильяс, B.I.M агенттігінің басшысы Ғабдулин Ильдар Қайдарұлы, ҚАЕУ бизнес кафедрасының IT пәндерінің оқытушысы Айткалиева Жанерке Қайратқызы.
Нәтижесінде, барлық стартаптарды тыңдаған комиссия орындарды келесідей бөлді:
1 орынды және оқуға 50% жеңілдікті Даниил Иванович Филиппов, Артем Александрович Шкараденок, Анна Арсеньевна Скиданенко жеңіп алды – «GreenGrow» агробизнес саласындағы жобасы;
2 орынды және оқуға 30% жеңілдікті «MedKomek» медпункт жобасымен Малгаждаров Даурен Тимурұлы мен Щербаков Сергей Дмитриевич жеңіп алды;
3-орын және оқуға 20% жеңілдікпен Мұқанова Ясмина Жомартқызы, Егорова Варвара Дмитриевна, Утепова Камила Жанатқызы «Әжеде» жобасымен және Алексеева Анна Андреевна, Молостова Аделина Михайловна, Шарапиева Дарина Назарбекқызы, Рудакова Мария Сергеевна «Florist» гүл дүкені жобасымен.
Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар берілді, ал демеушісі Арбаттағы «Terry Coffee» желісі болды, ол конкурстың барлық қатысушыларына кофе сатып алуға бір ай бойы 20% жеңілдік берді.
«Ы.Алтынсарин атындағы №39 орта мектеп» КММ-нің болашақ бизнесмендері мен it-жаңашылдарына белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз, сондай-ақ іс-шараны ұйымдастырушылар №39 мектеп директоры Абюрова Гүлмира Қайырқанқызына, «Oskemen Hub» директоры Мұратұлы Дидарға, аға оқытушы Мамырбекова Динара Самарқанқызына ерекше алғыс білдіреміз!