Комплаенс-қызметтерге арналған семинар
2024 жылғы 16 тамызда ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы М.Б. Қалиев комплаенс-қызметтерге арналған онлайн семинар өткізді.
Комплаенс-офицерлердің қызметін жақсарту бойынша семинар аясында этикалық нормаларды сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы жұмыстың тиімділігіне әсер ететін негізгі аспектілер талқыланды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу әдістемесіне басты назар аударылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жақсарту және дамыту үшін негізгі ұсынымдар қаралды.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы