«Мирас» университетіндегі қонақ дәрісі

2023 жылғы 13 қарашада «Мирас» университетінде (Шымкент қ.) ҚАЕУ Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі С.А. Мужчильдің аталған университет студенттеріне арналған қонақ дәрісі өтті.

Бұл дәріс адам құқықтары, құқықтық мәдениетті арттыру, сондай-ақ халықтар достығы мәселелеріне арналды. Дәрістен кейін викторина өткізілді, оның қорытындысы бойынша «Мирас» университетінің студенттері жақсы теориялық білім көрсетті.

Қазақстан-Американдық еркін университетімен ынтымақтастығы үшін «Мирас» университетіне алғысымызды білдіреміз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы