Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту

Мүмкіндігі шектеулі жандар өздеріне жүктелген міндетті үлкен жауапкершілікпен атқарады. Сондықтан да оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін барлық жағдайды жасау қажет. Мемлекет басшысы әр жылғы Жолдауында осы мәселеге айрықша басымдық береді. Өскемендегі жұмыспен қамту, мансап орталығы жергілікті билік өкілдері бірлесіп мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта жасалғанын анықтау мақсатында бірнеше мекемеге барып қайтты.

Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының Заңында әрбір мекеме кемінде 2-4% мүгедек жанды жұмысқа алуы қажет делінген. Мұндай қадам мүмкіндігі шектеулі адамдардың ортаға бейімделіп, өмірден өз орнын табуына оң әсерін тигізеді. Дидар Мусин 2013 жылдан бері халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істейді.

Биыл өңірде 1 шілдеге дейін жұмыспен қамту қызметіне 353 мүмкіндігі шектеулі азамат жүгінген. Оның 331-і арнайы бағдарламаға енгізілген. 19-ы тұрақты жұмысқа орналасқан.

Еңбек етуге ниетті әрбір азаматтың жеке оңалту бағдарламасы болады. Яғни, сараптама жұмысы жүргізіледі. Соған сай жұмыспен қамту картасы жасалады.

ҚАЕУ 2-3 топ мүгедектігі бар алты азамат жұмыс істейді. Алдағы оқу жылында тағы бір маманды ЖОО-на тарту көзделген. ОҚу орны қызметкердің жұмыс орнын әзірлеу үшін мансап орталығының көмегіне жүгініп, көп функционалды аппарат сатып алған.

Ал, С. Аманжолов атындағы ШҚУ 13, №3 халыққа қызмет көрсету орталығында 9 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыс істейді.

Сілтеме – https://altaitv.kz/kz/news/19461