Профессор Уильям Бонтрагердің құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушыларымен кездесуі

2024 жылғы 04 қазанда профессор Уильям Д. Бонтрагер Қазақстан-Американдық еркін университетінің Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушыларымен кездесу өткізді.

Кездесуде профессор сот төрелігі мен медиация саласындағы бай кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Ол сот  тәжірибесіндегі қазіргі үрдістер, әртүрлі юрисдикциялардағы құқық қолдану ерекшеліктері және медиацияның дауларды шешудің балама әдісі ретіндегі маңызы туралы егжей-тегжейлі айтты. 

Профессор Бонтрагер сонымен қатар заң студенттерін оқытудағы пәнаралық тәсілдің маңыздылығына назар аударып, табысты кәсіби мансап үшін теориялық білімді  тәжірибелік дағдылармен біріктіру қажеттілігін атап өтті. 

Кездесу барысында қатысушылар заманауи сот жүйесінің алдында тұрған өзекті мәселелер мен сын-қатерлерді талқылады.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы