Психолог студенттердің тәжірибелік жұмысы
2023 жылдың 28 наурызында “Психология” білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Лиза Темірбекқызы Катанованың жетекшілігімен №6699 әскери бөлімде аудиториядан тыс сабақ өткізді. Студенттер “Заң психологиясы”пәні бойынша алған теориялық білімдерін бекіте алды. 3 сағат ішінде студенттер психологиялық әдістерді қолданды, тренингтер мен логикалық ойындар өткізді. Осылайша, студенттер далалық жағдайда психологтың тәжірибелік жұмысының мәнін көрді.
ҚАЕУ студенттері өз сапары аясында Отан қорғаушыларды қолдап, сарбаздардың уәждемесін көтеріп, жұмысқа қабілеттілігін арттырып, тренинг аясында алаңдаушылықты тез төмендетуге арналған жаттығулар көрсетті.
Әскери бөлім әкімшілігі мен әскери қызметшілер ҚАЕУ-нің жас мамандарынан психологиялық көмек алып, жақсы әсерде қалды.
Педагогика және психология кафедрасы