ҚАЕУ студенттері арасындағы шахмат турнирі
2024 жылғы 22 қарашада «Оқыту әдістемесімен шахмат» пәні аясында «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері арасында турнир өтті. Қатысушылар шахмат теориясы, шахмат комбинацияларының түрлері, ойын стратегиясы, партияға дайындық, ойындарды талдау саласындағы пәндік білімдері мен құзыреттіліктерін, сондай-ақ шахмат ойнаудың тәжірибелік дағдыларын көрсетті.
Болашақ спорт мұғалімдері шахмат дағдыларын меңгеріп қана қоймай, шахматтың жеке тұлғаның жан-жақты дамуына және оның әлеуметтік бейімделуіне әсерін түсіндіре білетіндіктерін көрсетті. Олар сондай-ақ шахмат жаттығуларын жоспарлау және өткізу қабілетін көрсетті.
Педагогика және психология кафедрасы



