ШҚО МКД Ашық есік күні
Бүгін, 29 Мамырда “Құқықтану”, “құқық және құқық қорғау қызметі” ББ 2, 3 курс студенттері және “құқықтану” ББ 1 курс магистранттары ШҚО облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне барды. Департамент қызметкерлері студенттерге Мемлекеттік кірістер органдарына жұмысқа орналасу мүмкіндігі, салықтық әкімшілендіру, Кедендік бақылау, тауарларды декларациялау және Департамент жұмысының басқа да бағыттары туралы айтып берді. Сондай-ақ студенттерге кедендік бақылаудың кейбір техникалық құралдары мен департамент мұражайы көрсетілді.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы