Шығыс Қазақстан «Видергебурт» неміс мәдени орталығында жұмыс кездесуі
«Шығыс Қазақстан «Видергебурт» неміс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінде өңірлік қоғам қызметкерлерінің «Возрождение» КОН ҚҚ атқарушы бюросының үйлестірушілерімен жұмыс кездесуі өтті.
Бұл кездесуге 6В01703 «Шет тілі: екі шет тілі» ББ 2 курс студенті Зарина Караханова қатысты. Ол «Видергебурт» НМО ШҚ ҚБ жастар ісі жөніндегі үйлестіруші және неміс тілі оқытушысы болып жұмыс істейді.
Кездесуде желілік және біржолғы жобалар (оның ішінде құжат айналымы) бойынша жұмысты ұйымдастыру процестері, жергілікті жерлерде неміс жастары клубтарының жұмысын бағалау, РО үшін «өсу нүктелерін» және жобалық жұмысты іске асырудағы даму бағыттарын анықтау, сондай-ақ НЖК-ның 2025 жылға арналған тактикалық жұмыс жоспарын әзірлеу талқыланды.