Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  комплаенс мектебі

С.Аманжолов атындағы ШҚУ базасында 24 сәуір 2024 ж. сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен тәрбие, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және превенциясы, ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау тақырыбында квазимемлекеттік сектордың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтеріне оқыту семинарын өткізді. Қазақстан-Американдық еркін университетінің атынан семинарға  комплаенс жөніндегі маман Е.М.Жүніспеков қатысты. Семинарды Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті мен С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ұйымдастырды. 

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы