Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Жазғы мектепке қатысу
2024 жылғы 10 маусым мен 14 маусым аралығында Қазақстан-Американдық еркін университетінің құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Мужчиль С.А. Павлодар облысы Баянауыл қаласында өткен «Culture of integrity in higher education» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы Жазғы мектебіне қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектептің ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі болды.
Аталған іс-шараның мақсаты – жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша білімдерін нығайту бойынша білім мен тәжірибені бекіту. Дәріс берушілер агенттік қызметкерлері, тәжірибелі жаттықтырушылар және менеджменттің әртүрлі салаларындағы сарапшылар (дизайн-ойлау, жобаларды басқару, менеджмент және т.б.) болды.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы