“Серпін” бағдарламасы
Қазақстан-Американдық Еркін Университеті (ҚАЕУ) 2024 жылдан бастап “Серпін – 2050” мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға белсенді қатысады.
Бағдарламаның мақсаты – өңірлерде кадр тапшылығы байқалатын Қазақстанның шығысында, солтүстігінде және батысында еңбек ресурстары артық еліміздің оңтүстік өңірінің (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) жастарын оқытып, жұмысқа орналастыру.
Гранттар келесі өңірлерде орналасқан жоғары оқу орындарына бөлінді: СҚО, Ақмола облысы, ШҚО, Абай облысы, Павлодар облысы, Ұлытау облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы.
ҚАЕУ-де “Серпін-2050” бағдарламасына қатысудың артықшылықтары:
- Тегін оқыту – еліміздің оңтүстік өңірлерінен келген студенттерге білім беру гранттарын бөлу (бағдарламаға тек ауыл мектептерінің түлектері қатысады).
- Заманауи білім беру бағдарламалары – еңбек нарығының талаптарына сәйкес сұранысқа ие мамандарды даярлау.
- Тәжірибеге бағдарланған оқыту – тағылымдамалар және өңірдің жетекші жұмыс берушілерімен әріптестік.
- Жатақхана және әлеуметтік қолдау – басқа қаладан/ауданнан келген студенттердің жайлы өмір сүру және бейімделу жағдайлары.
- Кепілді жұмысқа орналастыру – түлектерге Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде жұмыс іздеуге жәрдемдесу.
ҰБТ-ның шекті ұпайы 50 ұпай, педагогикалық мамандықтар үшін 75 ұпай.
“Серпін” грантын өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға дейін қысқартылды, ал жұмыс орындары 11 өңірге дейін кеңейтілді.
«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша келесі білім беру бағдарламалары бойынша грантқа түсуге болады
БББ коды | Білім беру бағдарламаларының тобы | Білім беру бағдарламасының коды және атауы |
В003 | Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі | 6В01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі |
B005 | Дене шынықтыру мұғалімдерін дайындау | 6В01402 Дене шынықтыру және спорт (IP) |
B016 | Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | 6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті |
B017 | Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | 6В01702 Орыс тілі мен әдебиеті |
В018 | Шетел тілі мұғалімдерін даярлау | 6В01703 Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын тілі) |
B057 | Ақпараттық технологиялар | 6В06101 Ақпараттық жүйелер |