Шығармашылық емтихандар

В005 «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» және В042 «Журналистика және репортаж ісі» жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары тобына түсетіндер үшін

Шығармашылық білім беру бағдарламаларына өтініштерді қабылдау (грант конкурсына қатысу үшін): күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 7 шілдесіне дейін.

Шығармашылық емтихандардың өткізілу мерзімі: күнтізбелік жылдың 8 шілдесінен 15 шілдесіне дейін.

Шығармашылық емтихандарға өтініштерді қабылдау (ақылы бөлімге): күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 10 тамызына дейін.

Шығармашылық емтихандардың өткізілу мерзімі: күнтізбелік жылдың 10 тамызынан 15 тамызына дейін.edited 17:35

Маңызды

Шығармашылық емтихан тапсыруға өтініштерді қабылдау сіз таңдаған ЖОО орналасқан жерде жүзеге асырылады.

Жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, шығармашылық дайындықты қажет ететін жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларының тобына түсетін тұлғалар екі шығармашылық емтихан тапсырады.

Қысқартылған оқу мерзімін көздейтін жоғары оқу орындарының кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша шығармашылық дайындықты қажет ететін жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының тобына түсетін тұлғалар бір шығармашылық емтихан тапсырады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына түсетін орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері үшін екі пән бойынша ұпайлар есепке алынады:

  • Қазақстан тарихы;
  • оқу сауаттылығы (оқыту тілі).

Қысқартылған оқу мерзімін көздейтін жоғары оқу орындарының кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша шығармашылық дайындықты қажет ететін жоғары білім берудің білім беру бағдарламалары тобына түсетін тұлғалар үшін арнайы пән бойынша ұпайлар есепке алынады.

Шығармашылық білім беру бағдарламаларына үміткерлер үшін құжаттар тізімі

  • -Аттестат/диплом, қосымшасы (түпнұсқа)
  • -ҰБТ сертификаты
  • -075/у форматындағы медициналық анықтама
  • -Жеке куәліктің көшірмесі
  • -Фото 3х4 – 4 дана.
  • -Скоросшиватель және конверт

Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар талапкерлер үшін шығармашылық емтихандар 50 балдық жүйе бойынша бағаланады.

Оқыту мерзімі жеделдетілген қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша сәйкес білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына түсетін орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының, қысқартылған оқу мерзімін қарастыратын жоғары оқу орындарының кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттарына түсетіндерді қоспағанда, бітірушілер ҰБТ тапсыруға және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білім берудің білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға және (немесе) Университетте ақылы оқуға түсуге ниет білдірген:

  1. В005 «Дене шынықтыру пәні мұғалімінің біліктілігін арттыру» – кемінде 75 балл, оның ішінде кемінде 5 балл – Қазақстан тарихынан, оқу сауаттылығы – оқу тілі пәнінен және әрбір шығармашылық емтихан үшін 5 баллдан кем емес.
  2. В042 «Журналистика және репортаж ісі» – кемінде 50 балл, оның ішінде кемінде 5 балл – Қазақстан тарихынан, оқу сауаттылығы – оқу тілі пәнінен және әрбір шығармашылық емтихан үшін кемінде 5 балл.

Шығармашылық дайындықты талап ететін қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін, ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысуға ниет білдірген жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша кемінде 25 балл жинауы қажет, оның ішінде шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл және арнайы пән бойынша кемінде 5 балл.