Университет қабырғасындағы Шекспир
2022 жылдың 10 қарашасы күні Қазақстан-Американдық еркін университетінің 6В01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері «Педагогика және психология» кафедрасының доценті Ә.Н.Нұрланованың жетекшілігімен «Шетел әдебиетінің тарихы» пәні шеңберінде ағылшын драмургы У.Шекспирдің «Ромео және Джульетта» және «Гамлет» трагедияларын сахналады. «Ромео және Джульетта» трагедиясында студенттер Даурен Аян (Ромео), Жәмсап Ақерке (Джульетта), Бұқатова Ажар (сүт анасы), Бекмуратова Таиса (Лоренций), Рахметолдина Балжан (Джульеттаның анасы); «Гамлет» трагедиясында Идаятұлы Кәшап (Гамлет), Амантаева Есенгүл (Офелия), Ермек Фариза (король), Камалбекова Еркежан (королева), Әсетқызы Айғаным (Полоний). Қойылымдар көрермендердің көңілінен шығып, студенттер үлкен қошеметке бөленді.
«Педагогика және психология» кафедрасы









