Ғылыми Кеңес
Жалпы ақпарат
Университеттің Ғылыми кеңесі университетті басқарудың жоғары алқалы органы.
Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Ғылыми Кеңес туралы Ережені, сондай-ақ университет Жарғысын басшылыққа алады. Ғылыми кеңестің қызметі жариялылық, ашықтық, алқалылық қағидаттарына негізделеді.
Ол өз жұмысын тиісті оқу жылына әзірленетін бекітілген жоспар негізінде ұйымдастырады.
Ғылыми кеңестің құрамы 3 жыл мерзімге сайланады және кеңес мүшелері тақ саннан тұрады. Қажет болған жағдайда оның құрамына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Ғылыми кеңестің отырыстары айына кемінде бір рет өткізіледі.
Ғылыми кеңесті ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Е. А. Мамбетказиев басқарады.
Ғылыми кеңестің құзыреттері
Ғылыми Кеңестің құзыретіне мыналар кіреді:
- университеттің даму стратегиясын анықтау;
- ЖОО құрылымын бекіту;
- құрылымдық бөлімшелерді құру және қайта ұйымдастыру;
- президенттің, проректорлардың, құрылымдық бөлімшелер басшыларының қызметті жүргізу нысандары мен әдістері туралы жыл сайынғы есептерін тыңдау;
- монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдарын басып шығаруға ұсынымдар;
- диссертациялық зерттеулер бойынша магистранттар мен докторанттардың тақырыптары және ғылыми жетекшілерін-консультанттарын бекіту;
- ғалымдар мен құрметті атақтарды, стипендиялар мен сыйлықтарды бекіту және беру;
- алқалы шешімді талап ететін университеттің ағымдағы қызметінің өзге де мәселелерін қарау.
Толығырақ осы құжаттармен таныса аласыз: