“Жыл үздігі – Айзат”
Елімізде спортты серік еткен тұлғалардың саны да, сапасы да артуда. Алайда қызығы мен шыжығы қатар жүретін бұл сала бірінің сағын сындырса, біріне қайталанбас мүмкіндіктер сыйлап, әлемді бағындырар есіктерді айқара ашуда. 22 қаңтарда университетіміздің студенті Қожанжаров Айзат «Жыл үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Салтанатты құттықтау кеші университет қабырғасында өтті.
Аталмыш номинацияны Айзат білім алған Шығыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының “Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі” КММ өкілдері Анар Төлеуханқызы мен Дана Дәулетханқызы табыстады. Сонымен қатар, ерен еңбегі үшін спортшымыздың ата-анасы Қожанжаров Ербол мен Айтқалиева Айгүл арнайы Алғыс хатпен марапатталды. Анасы жылы лебізі мен жүрекжарды тілегін жеткізіп, университет тарапынан кәдесыйға бөленді. Еркін күреспен 10 жылдан артық уақыт айналысып келе жатқан жас спортшымызға тек сәттілік тілейміз. Келесі жеңіс олимпиада шыңы боларына кәміл сенеміз!
![“Жыл үздігі Айзат” (1)](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2025/01/zhyl-үzdigi-ajzat-1-1024x683.webp)
![“Жыл үздігі Айзат” (2)](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2025/01/zhyl-үzdigi-ajzat-2-1024x683.webp)
![“Жыл үздігі Айзат” (3)](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2025/01/zhyl-үzdigi-ajzat-3-1024x683.webp)
![“Жыл үздігі Айзат” (4)](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2025/01/zhyl-үzdigi-ajzat-4-1024x683.webp)
![“Жыл үздігі Айзат” (5)](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2025/01/zhyl-үzdigi-ajzat-5-1024x683.webp)