ҚАЕУ Өскемен мектептерімен байланысты нығайтуда

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Қазақстан-Американдық еркін университеті Өскемен қаласының барлық мектептерімен кездесулер өткізді. Көп жылғы ынтымақтастық пен білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс ретінде мектеп директорларына алғыс хаттар табыс етілді. ЖОО-ның 30 жылдығын мерекелеуге арналған бұл іс-шараларды ҚАЕУ ректорының кеңесшісі Нестеренко Наталья Александровна және маркетинг және қабылдау бөлімінің бастығы Азамат Бердібекұлы Бердібеков басқарды. Жұмысқа университет қызметкерлері мен оқытушылары да қатысты.

Кездесулерде «ҚАЕУ бейіндік сыныбы» жобасы таныстырылды, ол екі жылдан бері жоғары сынып оқушыларына бейіндік пәндер бойынша білімдерін тереңдетуге және болашақ мамандықты таңдауды анықтауға көмектесіп келеді. ҚАЕУ президенті Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы тегін негізде бастамашылық еткен бұл бағдарлама оқушылар мен олардың ата-аналары арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр, бұл оның қажеттілігін айғақтайды.

Сонымен қатар, университет өкілдері түлектермен кездесулер өткізіп, ҚАЕУ-де оқудың артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, халықаралық серіктестіктер және жұмысқа орналасу  келешегі туралы айтып берді. Кездесулерде оқуға түсуге қатысты барлық сұрақтарға жауаптар берілді. Студенттермен  жеке тіл табуға, оларды дамытудың кең мүмкіндіктеріне және халықаралық оқу бағдарламаларына қатысуға ерекше назар аударылды.

ҚАЕУ оқушыларға болашақ мамандығын анықтауға және олардың өсуіне жаңа мүмкіндіктер жасауға көмектесіп, өңірдің білім беру мекемелерімен байланысты нығайтуды жалғастыруда.

Маркетинг және қабылдау бөлімі