Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының оқу жылының қорытындылары: қонақ дәрістері

2022 жылдың қыркүйегінде Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы  тәжірибелік заң қызметі саласындағы шақырылған қонақтармен кездесулер жоспарын қабылдады. Бұл қонақ дәрістер біздің студенттер мен оқытушылар үшін пайдалы болды. Біздің құрметті қонақтарымыздың арасында 2022-2023 оқу жылында мыналарды атап өтуге болады (лауазым қонақ дәрісін өткізу кезінде көрсетілген):

1) Қыдырханова А.С. – Өскемен қаласы полиция басқармасының тергеу бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі (2022 жылғы 20 қыркүйек).

2) Чакилева О.А. -Өскемен қаласы полиция басқармасының тергеудің ұйымдастыру-талдау бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі (2022 жылғы 8 желтоқсан).

3) Баяндинов М.Б. -Өскемен қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі (2022 жылғы 14 желтоқсан).

4) Өтебаев К.Б. – Өскемен қаласының Ертіс полиция бөлімінің орынбасары, полиция майоры (2022 жылғы 14 желтоқсан).

5) Бақытбеков Д. -Өскемен қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция майоры (2023 жылғы 19 қаңтар).

6) Бейсембаев А. А. – ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің превенция басқармасының басшысы (2023 жылғы 19 қаңтар).

7) Рахимбердин Қ.Х. – заң ғылымдарының докторы, С.Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры (2023 жылғы 27 қаңтар).

8) Коряченцева О.Н. – ҚР Бас прокуратурасының ШҚО бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасы бастығының орынбасары, әділет кеңесшісі (2023 жылғы 1 ақпан).

9) Нәбиев Е.А. -Шығыс Қазақстан облысы сайлау комиссиясының төрағасы, ҚАЕУ профессоры, педагогика ғылымдарының докторы (2023 жылғы 2 ақпан).

10) Губушкина Е.А. -ШҚО бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті басқармасының қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры (2023 жылғы 10 ақпан).

11) Аринова А. Х. – Шығыс Қазақстан заңгерлер одағы филиалының ШҚО бойынша заң консультанттары палатасының төрағасы (2023 жылғы 15 ақпан).

12) Баяндинова С.С. -ШҚО ҚАЖД арнайы есепке алу бөлімінің бастығы, әділет майоры (2023 жылғы 14 ақпан).

13) Шегиров Е.К. -ШҚО ҚАЖД аға инспекторы, әділет капитаны (2023 жылғы 14 ақпан).

14) Өмірбекова К. Р. – “Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілі” компаниясының директоры (2022 жылғы 21 қараша).

15) Кузнецов А.А. – Өскемен білім беру қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы (2023 жылғы 17 наурыз).

16) Тұрсын Ж. – ШҚО бойынша Сот әкімшілігі департаментінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (2023 жылғы 5 мамыр).

17) Алтайұлы А. – ШҚО кәмелетке толмағандар жөніндегі сот Әкімшісінің басшысы (2023 жылғы 26 сәуір).

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының қорытынды отырысында осы бағыт бойынша жұмыс қанағаттанарлық деген шешім қабылданды. Келесі оқу жылында қонақ дәрістерінің санын көбейту жоспарлануда.

Құрметті қонақтарымызға ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы