Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісінің орынбасарының ҚАЕУ-ге сапары

2023 жылғы 9 желтоқсанда Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісінің орынбасары Джуди Куо Қазақстан-Американдық еркін университетінің президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиевпен кездесті.

Елші орынбасарының сапары Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен Қазақстан-Америка Еркін университетінің базасында өткен «Тransform. Empower Take Action» Форумы аясында болды.

Сапар аясында Ережеп Әлхайырұлы халықаралық ынтымақтастықтың жоғары оқу орны ретінде ҚАЕУ-нің негізгі бағыттары мен даму  келешегі туралы айтып, ЖОО-на жан-жақты көпжылдық қолдау көрсеткені үшін американдық тарапқа алғысын білдірді.

Жұртшылықпен байланыс орталығы