Американдық профессордың  ҚАЕУ-ге сапары

2023 жылғы 8 желтоқсан мен 2024 жылғы 4 қаңтар аралығында Қазақстан-Американдық еркін университетінде республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын шетелдік ғалымның келу бағдарламасы бойынша Буффало қ. Нью-Йорк мемлекеттік университетінің американдық профессоры Констанс Карл Девероның қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтуде.

Сапар аясында ҚАЕУ студенттері мен магистранттарына «Шет тілі: екі шет тілі», «Аударма ісі» білім беру бағдарламалары бойынша дәрістер өткізілді. Жас ғалымдар мен докторанттарға, сондай-ақ қала мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Learning English Language through Rhythm Strategies», «Visual Arts as an Aid to Language Instruction», «Problems with Prepositional Language», «Language Culture, and identity», «Cultural Policy in Kazakhstan», «The Language of Leadership in a Cultural Context» тақырыптарына семинарлар өтуде. ҚАЕУ басшылығымен, доктораттармен және магистранттармен бірқатар кездесулер өтті.

Сондай-ақ, профессордың сапары аясында «Cultural Management»  білім беру бағдарламасын құру қажеттілігіне арналған «Possibilities for new degree programs focused on culture, policy and creativity» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу, ЖОО қызметкерлері үшін «Structure of scientific papers» тақырыбында оқыту тренингін өткізу жоспарлануда. Қала колледждерінің студенттері үшін шеберлік сабақтарын өткізу жоспарлануда.

Профессор Деверо ҚАЕУ докторанттарына кеңестер беріп, оқытушылармен бірлесіп мақала жазу бойынша жұмыс істеуде.