АҚШ Елшілігі жобасының тақырыбы бойынша жаппай ашық онлайн курстарын дайындау

АҚШ Елшілігінің шағын гранттар бағдарламасы аясында 2022 жылдың 20 қыркүйегі мен 28 қазаны аралығында «Білім беру ортасындағы қақтығыстардың алдын алу және басқару тәсілі ретінде медиация дағдыларын дамыту» курсы аясында дәріс оқитын лекторлар осы жоба аясында жаппай ашық онлайн курстарын әзірледі.

Кәсіби медиаторлар, тәжірибелік психологтар, ҚАЕУ оқытушылары қазақ және орыс тілдерінде аталған жобаның «Мектептегі жанжалдарды басқарудың психологиялық-педагогикалық негіздері» және «Медиация және құқық» тараулары бойынша курстар дайындады.

Бейнелекциялар Қазақстан-Американдық еркін университетінің практикалық журналистика студиясында түсірілді. Дәрістер үшін алынған білімді бекітуге және тексеруге бағытталған тапсырмалар әзірленді.

Ақысыз жаппай ашық онлайн курстарға қатысуға және «Мектептегі жанжалдарды басқарудың психологиялық-педагогикалық негіздері» және «Медиация және құқық» тақырыптары бойынша тренингті аяқтағаны туралы АҚШ Елшілігі мен ҚАЕУ сертификатын алуға шақырамыз.

Курстарға тіркеуді жобаның ұйымдастырушылары келесі телефондар бойынша жүргізеді:

+77051447862

+77055094406

#usinkz

ҚАЕУ көшбасшылары