АҚШ Елшілігінің сертификаты

АҚШ Елшілігінің «Білім беру ортасындағы қақтығыстардың алдын алу және реттеу тәсілі ретінде медиация дағдыларын дамыту» шағын гранттар жобасы шеңберінде жаппай ашық онлайн курстар әзірленді, оларды іске асыру 2022 жылғы 1 қарашадан басталды.

Бір айдан аз уақыт ішінде «Жанжалтанудың психологиялық-педагогикалық негіздерін» ЖАОК сәтті игерген  тұңғыш тыңдаушы Филатова Анна АҚШ елшілігінен сертификат алады.

ҚАЕУ аға оқытушысы,  тәжірибелік психолог Федорова Ирина Алексеевна әзірлеген курсты аяқтағаннан кейін мен психолог болғым келді және адамдарға қазіргі қоғамдағы қақтығыстарды шешуге көмектескім келді, – деп жазды Анна курсқа шолуда.

Филатова Аннаны ЖАОК игеруімен құттықтаймыз, бүгінгі таңда өзекті және сұранысқа ие болашақ «Психолог» мамандығын игеруде табыс тілейміз!

“KAFU LEADERS” ҚБ