Ашық есік күні байқауының қорытындысы

Қазақстан-Американдық еркін университеті өз талапкерлерін қуантуды жалғастыруда!

2024 жылғы 16-19 қаңтар аралығында Ашық есік күнінде өткен бейнероликтер байқауының жеңімпаздарына университеттің кез келген білім беру бағдарламасы бойынша ҚАЕУ-де оқуға жеңілдік үшін сертификаттар табыс етілді.

Байқау жеңімпаздары:

– Худякова Виктория Сергеевна (« М. Әуезов атындағы №17 орта мектебі» КММ)

– Баранова Алиса Денисовна ( «М. Әуезов атындағы  №17 орта мектебі» КММ)

– Руденко Ольга Сергеевна («№6 орта мектеп» КММ)

– Оралғазы Данияр Серікұлы («№35 орта мектеп» КММ)

Instagram платформасындағы бейнероликтер байқауы болашақ студенттер үшін өздерінің шығармашылық белсенділіктерін көрсетуге және ҚАЕУ-нің Ашық есік күніне қатысудан алған әсерлері туралы айтуға тамаша мүмкіндік болды.