Astana Hub және OSKEMEN IT Hub-тан әлеуметтік көшбасшылық бойынша курс

Қазақстан-Американдық еркін университетінде Astana Hub және Oskemen IT Hub бірлесіп ұйымдастырылған және Вeginit by inDrive бағдарламасының қолдауымен әлеуметтік көшбасшылық бойынша курсына іріктеу процесі басталды. Бастама тегін оқытуды және коммуникативтік дағдыларды дамытуды қамтамасыз ете отырып, Шығыс Қазақстан жастары арасында көшбасшылық  дағдыларды дамытуға бағытталған.

Шығыс Қазақстаннан жүзден астам студент бағдарламаға қатысуға өтінім беріп үлгерді. Олардың ішінде шалғай аудандардың өкілдері ғана емес, қала тұрғындары да бар. Әлеуметтік көшбасшылық бағдарламасы төрт кезеңнен тұрады:  өңірлік іріктеу, білім беру модулі, жастар лагері және жоба модулі. Іріктеуден өткен қатысушылар Алматы тау бөктеріндегі оқу лагеріне барады, онда өз әлеуетін ашуға ұмтылу шеңберінде тәжірибе алмасып, Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі құрдастарымен байланыс орната алады.

Жұртшылықпен байланыс орталығы