«Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердегі педагог жұмысының тәжірибелік аспектілері» семинары
2022 жылдың 9 желтоқсанында ШҚО Білім бөлімінің Өскемен қаласы бойынша білім басқармасының «№18 орта мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Әбілғазинова Әйгерім Бауыржанқызы Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне арналған «Күнделік»электронды журналдар мен күнделіктер жүйесінде жұмыстың тәжірибелік аспектілері бойынша семинар өткізді.
Аталған семинар «Білім берудегі IT-технологиялар» пәнін зерделеу шеңберінде өткізілді және Kundelik.kz ,lline mektep, bilimland.kz. автоматтандырылған ақпараттық жүйелердегі жұмыстың тәжірибелік аспектілерін қозғады «Орыс тілі мен әдебиеті», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мен «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламаларының студенттері автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мәліметтері туралы жұмыс ерекшеліктерімен танысты. Семинар спикері болашақ педагогтарға осы жүйелердегі жұмыс стандарттарын, тәртіптерін түсіндірді, ал студенттер көрсетілім кезінде туындаған сұрақтарын қоя алды.
Аталған семинар қосарлы оқыту жүйесі туралы шарт шеңберінде ұйымдастырылған.
Ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіреміз!
Педагогика және психология кафедрасы







