Ауызша аударма практикасы бойынша аудиториядан тыс сабақ

2023 жылдың 4 сәуірінде «Аударма дело» мамандығының 3 курс студенттері «Өскемен қаласының құрылу тарихы» тақырыбында ауызша аударма практикасы бойынша аудиториядан тыс сабаққа қатысты.

Аудармашыларды даярлау шеңберінде АҚШ – тан келген оқытушы көмекшісі Джави Боскеттің қатысуымен Өскемен қаласының негізі қаланған жерде сабақ өткізілді. Студенттер бекініс пен Андреев соборының құрылысы туралы әңгімемен қаланың тарихи маңызды жерлеріне экскурсия дайындады. Сабақ барысында студенттер ауызша дәйекті және синхронды (сыбырлап) аударма жасады.

Шетел тілдері кафедрасы