«БАҚ және ақпараттық саясат саласындағы PR-қызмет» семинары

2023 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде «БАҚ және ақпараттық саясат саласындағы PR-қызмет» тақырыбында семинар өтті. Семинарды «Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингінің бас маманы Аксененко Светлана Александровна өткізді.

Светлана Аксененко – Қазақстан-Американдық еркін университетінің 2020 жылғы «Журналистика» білім беру бағдарламасының түлегі.

Семинар барысында PR-қызметтің негізгі аспектілері, хабарламаларды қалыптастыру, қоғамдық пікірлермен жұмыс, БАҚ-пен өзара іс-қимыл стратегиялары және т.б. қарастырылды. Семинарға қатысушылар – «Журналистика» ББ студенттері – өзекті мәселелерді талқылауға және тәжірибелі маманнан құнды кеңестер алуға мүмкіндік алды.

«Ақпараттық саясат саласындағы PR-қызмет өңірдің имиджін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады және жұртшылықтың қабылдауына әсер етеді. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін бұқаралық ақпарат құралдарының түрлі арналарымен тиімді қарым – қатынас жасай білу маңызды», – деп атап өтті Светлана Аксененко.

Университеттің өз түлектерімен байланысы – бұл өткеннің тарихы ғана емес, болашаққа инвестиция. Түлектер өздерінің тәжірибесі мен жетістіктері университет үшін маңызды деп санаса, бұл олардың назарын және университет өміріне қатысуын ынталандырады. Табысты түлектердің тәжірибесі мен кеңестері студенттерге мансап жолын таңдауға, сондай-ақ қажетті дағдыларды дамытуға айтарлықтай көмектеседі.

Педагогика және психология кафедрасы