Басшылық
ЕРЕЖЕП МАМБЕТКАЗИЕВ
ҚАЕУ ПРЕЗИДЕНТІ
ҚР ҰҒА, бірнеше халықаралық академиялар академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор, Кентукки университетінің (АҚШ) “Құрметті профессоры”, Атлантис университетінің (АҚШ) «Жаратылыстану ғылымдарының құрметті докторы», “Парасат” орденімен марапатталған. ЖОО практикасына енгізіліп, қолдау тапқан білім беру мен ғылымдағы бірқатар инновациялардың авторы. Ашылуына және алғашқы түлектерге диплом беру салтанатына ҚР Президенті Н.Назарбаевтың өзі қатысқан еліміздегі ең алғашқы халықаралық серіктестіктегі ЖОО Қазақстан-Американдық еркін университетін құрушы.
МАРШАЛЛ КРИСТЕНСЕН
ҚАМҚОРЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, КОРПОРАТИВТІК ДАМУ ЖЕНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
АҚШ азаматы, “СО-SERVE INTERNATIONAL” ұйымының президенті (АҚШ), PhD тарих докторы, Фуллбрайт фонды грантының иегері. М. Кристенсен 15 жыл көлемінде АҚШ-тағы ең беделді университеттердің бірі Уорнер Пасификтің президенті болды. Маршалл Кристенсен фондының негізін салушы және Бас хатшысы болып табылады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің “ҚР білім беруіндегі құрметті қызметкері” белгісімен, Ы.Алтынсарин белгісімен марапатталған.
ДЕНИЕЛ БЭЛЛАСТ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БОЙЫНША ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТ
АҚШ азаматы,”СО-SERVE INTERNATIONAL” ұйымының вице-президенті (АҚШ). Пурдью университетінің (АҚШ) түлегі, 1999 жылы Д. Бэлласт қазақ филологиясының магистрі дәрежесін алды, дипломды ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзі табыстады. Д. Бэлласт ҚАЕУ-дің іргесі қаланған күннен бастап оның халықаралық білім беру бағдарламаларына басшылық жасайтын вице-президенті қызметін атқаруда. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің “ҚР білім беруіндегі құрметті қызметкері” белгісімен марапатталған.
АЙДАР МАМБЕТКАЗИЕВ
ҚАЕУ РЕКТОРЫ
Менеджмент бойынша филофосия докторы (PhD), Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі. А. Мамбетказиев Қазақстан Республикасының Философия институты мен ҰҒА-да тағылымдамадан өткен. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталған.
ЖАСУЛАН БАЙКЕНОВ
БІРІНШІ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТ
6D050700 “Менеджмент” мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Қазақстан-Американдық еркін университетінің түлегі
ГУЛЬНАР САРСЕМБАЕВА
АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
6D050700 “Менеджмент” мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Қазақстан-Американдық еркін университетінің түлегі.
ЮЛИЯ ГАВРИЛОВА
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
Заң ғылымдарының кандидаты
2015 жылы Уорнер Пасифик колледжі (Орегон, АҚШ) бағдарламасы бойынша қызметшілер көшбасшылығы академиясының халықаралық оқытушыларға арналған шетелдік ғылыми тағылымдамасынан өтті.
ЕРСАИН НАБИЕВ
УК КЭФ ДИРЕКТОРЫ
Педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі
МАРИНА КИКИНА
ҚАЕУ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Марина Ивановна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, ҚР Білім министрлігінің дипломымен және “Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл”мерейтойлық медалімен марапатталған. Ол сондай-ақ 5-ші шақырылған қалалық мәслихаттың депутаты болып табылады.
САЯХАТ ХАСЕНОВ
ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Университеттің жалпы әкімшілік және қоғамдық қызметін басқарады.
МАХМЕТ ШУРАЕВ
ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОР
Іскери әкімшілік магистрі. Өскемен педагогикалық институтының түлегі. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде екінші білім алған. Университет қызметінің өндірістік-коммерциялық мәселелерін басқарады.
ИГОРЬ ПАНОВ
ӘКІМШІЛІК – ШАРУАШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОР
Менеджмент магистрі. Өскемен құрылыс-жол институтының түлегі. Университеттің құрылысы және шаруашылық қызметі мәселелеріне басшылық жасайды.
ГАЛИНА МЕНЗЮК
“БИЗНЕС, ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА” ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ
Заң ғылымдарының кандидаты, доцент. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі.
НАДЕЖДА ШЕФЕР
“ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ” ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Өскемен педагогикалық институтының түлегі.