Академик беделі

Ережеп Альхаирович Мамбетказиев

Е. Мамбетказиев

Е.Мәмбетқазиев — ашылуы және алғашқы түлектеріне дипломдар тапсыру салтанатына жеке ҚР Президенті Н. Назарбаев қатысқан, 1994 жылы республикадағы тұңғыш халықаралық серіктестік ЖОО (АҚШ-пен бірлесіп) — Қазақстан-Американдық еркін университеті жобасының авторы және негізін қалаушысы. Үштілділікті дамытудың бүгінгі Мемлекеттік бағдарламасынан ертерек, (23 жыл бұрын) ҚАЕУ Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуынының басым бағыттары үшін ағылшын тілін меңгерген көптілді мамандар даярлауды бастаған болатын. Бұл отандық жоғары мектеп тарихындағы ерекше жаңа кезең, әлемдік білім кеңістігіне бірігуге алғашқы қадам болды.

АҚШ Конгрессінің шақыруы бойынша, Е. Мәмбетқазиев американдық әріптестерімен, университеттің қазақстандық оқытушылармен бірге, екі мәрте АҚШ Президенттері Дж. Буштың (2004 жыл) және Б. Обаманың (2011 жыл), Үкімет мүшелерінің, АҚШ көшбасшыларының, әлемнің зиялы қауымының қатысуымен болған дәстүрлі Ұлттық Таңғы Асқа шақырылу құрметіне ие болды ( Вашингтон қаласы).

Е. Мәмбетқазиевтің отандық ғылымның дамуына қосқан үлесі де ауқымды. Ол металлдардың дипиридилдік кешендері электрохимиясы жөніндегі мектептің негізін қалаушы болып табылады. Ұзақ жылдар бойы ғылыми Кеңестердің, докторлық диссертациялар қорғау жөніндегі арнайы Кеңестердің мүшесі, бірқатар Бүкілодақтық кеңестердің, ғылыми-тәжірибелік конференциялардың бастамашысы, әрі жетекшісі. АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Чехословакия, Оңтүстік Корея, ҚХР, Венгрия, Сингапур, Малайзия университеттерінде дәрістер курсын оқыды.

Е.Мәмбетқазиевтің ғылыми зерттеулерінің нәтижелері республиканың аса ірі кәсіпорындарында енгізілген. ВНИИТ-пен (Мәскеу) бірлесіп жүргізілген күміс-мырышты аккумуляторларды жаңғырту жөніндегі қолданбалы зерттеулер, әскери және ғарыштық техника, электротехникалық өнеркәсіпте кеңінен қолдануға ие болды. Бұл стратегиялық тақырып ретінде қозғалмады. Одақтың қорғаныс өнеркәсібі үшін ерекше маңызға ие болды.

 Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы физикалық-химиялық зерттеулер әдістері Орталығымен бірлесіп ҚР БҒМ ғылыми жобаларына қатысуда. 30-дан астам ғылым кандидаттары мен докторлары даярланды. “Companynewtechnologiesplus” фирмасымен (Ресей, Германия, Франция) бірлесіп, металлургиялық, тау-кен өнеркәсіптеріне, энергетика кәсіпорындарына, коммуналдық және ауыл шаруашылығына арналған жаңа технологияларға ақпараттық іздестіру жүргізеді.

Елдің, өңірдің жетекші кәсіпорындарының, ірі бизнес-құрылымдарының  өндіріске инновациялық технологиялар енгізудің ғылыми-тәжірибелік проблемалары жөніндегі  ғылыми кеңесшісі болып табылады.

Білім, ғылымның өзекті мәселелері бойынша 750 ғылыми еңбектері, монографиялары жарияланды. Бірқатар еңбектері Ресей, АҚШ, Моңғолия, ҚХР-да қайта басылып шығарылды. «Ректор айтар ақиқат» («Ректор – совесть вуза» 2015жыл) монографиясы қазақ, орыс ағылшын тілдерінде басылып шығарылды.

Кәсіпқой және жаңашыл тұлғаның сіңірген еңбегінің жоғары бағалануы — 2017 жылы «Өнегелі өмір» сериясынан ҚР ҰҒА академигі Е.Мәмбетқазиевтің өмірі мен қызметі жайлы кітаптың басылып шығуы болды.  Бұл – Қазақстанның ең жарқын тарихи тұлғалары жайлы 90 сериялық басылымның бірі, олардың ішінде: Нұрсұлтан Назарбаев, Қаныш Сәтбаев, Өмірбек Жолдасбеков, Олжас Сүлейменов, Әзілхан Нұршайықов, Батырбек Беремжанов, Ольга Сонгина және басқалары бар. 

ҚР ҰҒА, бірнеше Халықаралық академиялардың академигі, «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚҰ Шығыс Қазақстан облысы бойынша Өкілдігінің Директоры, Уорнер Пасифик Университетінің (АҚШ), Кентукки университетінің (АҚШ) «Құрметті профессоры»,» Атлантис университетінің (Калифорния шт., АҚШ) «Жараталыстану ғылымдарының Құрметті докторы», Атырау мемлекеттік университетінің, Атырау мұнай және газ институтінің «Құрметті профессоры», Қазақ спорт және туризм академиясының“Құрметті докторы”, Германиядағы (Берлин) ақпараттану Халықаралық Академиясыны Штаб-пәтерінің  Вице-президенті.

Жоғарғы Кеңес XII шақырылымының депутаты. Шығыс Қазақстан облысының, Өскемен қаласының «Құрметті азаматы», Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

 «Парасат» және «Барыс» ордендерімен, А. Байтұрсынов атындағы орденмен, “ҚР білім мен ғылым дамуына сіңірген ерекше еңбегі үшін” төс белгісімен марапатталған, “Еңбек сіңірген білім қызметкері».

Астрахан облысы Володар ауданы әкімшілігінің (Ресей) 15.06.15. шешімімен Калинин орта мектебіне, оның түлегі Е.Мәмбетқазиевтің есімі берілді.