Негізін қалаушылар
Ережеп Мамбетказиев
Е. Мамбетказиев экономика және гуманитарлық ғылымдардың халықаралық жоғарғы колледжін құру идеясын қолдаушы. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры (1993-2003жж), ҚР білім Министрі (1993-1995) болған жылдары ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қолдауына ие болып осы идеяны табысты жүзеге асырды. Ол республикада бірінші болып халықаралық серіктестіктегі жоғары оқу орнын ашты. 2001 жылы бұл жоғары оқу орны университет мәртебесіне ие болды.
“Халықаралық серіктестік – жоспарлау мен стратегиядан да биік мақсат. Бұл бір-біріне деген сенімділік, өзара қызығушылық және өзара құрмет”.
Маршалл Кристенсен
Қамқорлық кеңесінің төрағасы, (АҚШ), Америка тарапынан университеттің кураторы, Маршалл Кристенсен қорының негізін қалаушы, «Co – Serve International» ұйымының президенті. ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері.
«Біздің ынталы ынтымақтастығымыз мәдени, географиялық, саяси, экономикалық, тілдік және басқа да тосқауылдарды аттап өтіп, студенттік даму және білім беру жаңалығының тиімді, динамикалық қозғаушы күші екенін дәлелдеді». ҚАЕУ болашағы жарқын, өміршең білім беру моделі болып табылады.
Том Гейтч
“Е2 Білім беру қызметі” ұйымының Президенті, АҚШ-та студенттер мен магистранттардың өндірістік практикасын ұйымдастырушы.
«1997 жылдың басында доктор Маршалл Кристенсеннің шақыруымен биотехнолог Филипп Лу екеуміз доктор Мәмбетқазиев және Дэниел Бэлласттің Портланд, Орегонда бас қосқан кездесу кешіне қатысу құрметіне ие болдық. Кездесуде Қазақстан-Американдық колледжінде американдық бизнес-бағдарламаларын құру туралы айтылды. Олардың американдық бизнес бағдарламасы жайлы ойлары көңілге қонымды және адамды өзіне тартатындай еді. Олардың сөзінде болашаққа деген нық сенім болды. Доктор Мәмбетқазиев Қазақстан студенттерінің заманауи үздік білім алуына жол ашқысы келді. Ол студенттердің Қазақстанмен шекаралас жатқан елдермен ғана емес Европа, Америкамен де байланыс орнату мүмкіндігі пайда болғанын қалады».
Дэниел Бэлласт
Д. Бэлласт экономика және гуманитарлық ғылымдардың халықаралық жоғарғы колледжінің негізі қаланған 1994 жылдан бастап халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бойынша вице-президент болып табылады. Қазіргі уақытта «Co-Serve International» ұйымының вице-президенті. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері.
«Қазақстан-Американдық еркін университеті білім беру саласындағы шынайы ерекше университет болып табылады. 1994 жылы құрылғаннан бастап АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Аустралиядан 300-ден артық оқытушы университетпен ынтымақтастықта болды. Университет Қазақстан және Солтүстік Американың достық байланысы мен теңдессіз серіктестік деңгейі арқасында шын мәнінде Қазақстан-Американдық болып отыр. Бүгінгі таңда университет Еуразияда халықаралық деңгейде білім беру ісінде көшбасшылар қатарында келеді.
Хью Л. Холлман
Х.Холлман Темпе қаласының мэрі (Аризна, АҚШ), 1993 жылы Өскеменге алғашқы американдық делегациямен келді және сол кезде Ережеп Мәмбетқазиевпен достық және іскерлік қарым-қатынас орнатты. Х.Холлман 1996 жылдан бері доктор Е.Мамбетказиевтің кеңесшісі болды. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері.
Джеймс Ивенсон
Джеймс Ивенсон ҚАЕУ алғаш құрылған кезден бастап университет өміріне белсене қатысып келеді. Джеймс 1993 ж. Өскемен қаласына келген алғашқы шетелдік делегацияны басқарды. Университеттің негізін салу туралы ең алғаш ұсыныс туған кезден бастап Джеймс ҚАЕУ-дің серіктесі, оның беткеұстар өкілі және университет басшылығының кеңесшісі. Джеймс ҚАЕУ-дің шетелдік Вице-президенті. Джеймс тікелей инвестиция саласындағы көптеген компаниялардың иесі және басшысы болып табылады.
доктор Дэниел Харрисонды есте сақтау (1941-2003)
“ИнтерВарсити” ұйымының (АҚШ) вице-президенті болған кезде д-р Харрисон ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізу процесін басқарды, осылайша 1994 жылы экономика және гуманитарлық ғылымдардың халықаралық жоғарғы колледжі ашылды. Кейіннен д-р Харрисон “Көшбасшылықтың дамуы» (Эвергрин қ., Колорадо штаты, АҚШ) халықаралық ұйымының президенті қызметін атқарды.
Кайрат Закирьянов
К. Закирьянов 1994-1995жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болды және осы универсиеттің құрылымында экономика және гуманитарлық ғылымдардың халықаралық жоғарғы колледжі құрылды. Қазіргі уақытта Қазақ туризм және спорт академиясының ректоры.