Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес еріктілік, теңдік, жариялылық және алқалылық қағидаттарында әрекет ететін университеттегі алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады.
Қамқоршылар Кеңесінің Миссиясы:
Қамқоршылық кеңес Университеттің тиімді жұмыс істеуі мен дамуына жәрдемдесу, халықаралық деңгейдегі білім беру, ғылыми және мәдени орталық ретінде Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі ҚАЕУ рөлін арттыру мақсатында құрылады. Қамқоршылық кеңес Қоғамдық-Консультативтік орган ретінде әрекет етеді, университеттің перспективалық даму мәселелерін шешуге қатысады.
Қамқоршылық кеңес өз жұмысын тиісті оқу жылына әзірленетін бекітілген жоспар негізінде ұйымдастырады.
Қамқоршылық кеңестің құрамы 1 жыл мерзімге сайланады және мүшелері тақ саннан тұрады.
Қамқоршылық кеңестің құрамына құқық қорғау органдарының, атқарушы биліктің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктер мен қауымдастықтардың, меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің, оның ішінде шетелдік, университет түлектерінің қауымдастығы, білім алушылардың ата-аналарының өкілдері кіруі мүмкін.
Қажет болған жағдайда оның құрамына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Ғылыми кеңестің отырыстары кемінде екі айда бір рет өткізіледі.
Қамқоршылар кеңесін “Co-serve International” білім беру ұйымының президенті Маршалл Кристенсен басқарады.
Қамқоршылық Кеңестің Құрамы:
Пуссеп Геннадий Николаевич – “Менің қалам” Өскемен қаласының құрметті азаматтары қоғамдық қорының директоры;
Лабуков Михаил Семенович – “УКЗМК-Имсталькон” ЖШС директоры ;
Хью Л. Холлман – Berry Riddell LLC серіктесі, Темпе қаласының бұрынғы мэрі, Аризона штаты;
Саид Фазылов Исмаилович – “Реал Тайм”студиясының директоры;
Чақпантаев Қайрат Мұратұлы – Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;
Бирюченко Сергей Алексеевич – Казцинк” ЖШС ЗПДМ директоры;
Мозуляко Татьяна Александровна – ЖШС “Казцинк ” САиТК.
Қамқоршылық кеңестің жұмыс тәртібі:
Қамқоршылық кеңестің шешімдері отырысқа қатысып отырған Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің көпшілік даусымен ашық дауыс беру жолымен қабылданады.
Қамқоршылық кеңестің жұмыс тәртібі
Қамқоршылық кеңестің шешімдері отырысқа қатысып отырған Қамқоршылық кеңес мүшелерінің көпшілік даусымен ашық дауыс беру жолымен қабылданады.