Мы работаем над мобильной версией
Маленький дисплей
Сайт еще не адаптирован для вашего разрешения экрана
Минимальное разрешение: 1280x800
Ваше разрешение: 
Закрыть

«Бизнес» кафедрасы магистратура

7М04101, 7М04102 «Менеджмент» білім беру бағдарламасы

Дәрежесі: Бизнес және басқару магистрі, «Менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі. 

Біліктілік сипаттамасы «Менеджмент» білім беру бағдарламасы магистратурасы түлегінің іргелі ғылыми және кәсіптік дайындығы болу керек, ғылыми ақпаратты алу, өңдеу, сақтау әдістерін қосып алғанда заманауи ақпарттық технологияны меңгере білуі,   қазіргі ғылыми және практикалық мәселелердің шешімін және түйініні таба білу, 6М050700 «Менеджмент» мамандығы бойынша ғылыми-зерттеу/эксперименталды–зерттеу қызметін жүргізу және жоспарлау, жоо-да оқытушылық қызметте болу, зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыра білуі қажет. 

Кәсіптік қызмет нысандары: 

  • бейінді дайындық бойынша: сала қызметіне байланыссыз барлық жеке меншік ұйымдар мен кәсіпорындар, мемлекеттік және жергілікті басқару органдары мен инфрақұрылымы (министрлер департаменті, агенттігі, облыстық, қалалық аудандық әкімшіліктер мен маслихаттар);
  • ғылыми-педагогикалық бағытта: сала қызметіне байланыссыз барлық жеке меншік ұйымдар мен кәсіпорындар; мемлекеттік және жергілікті басқару органдары мен инфрақұрылымы; орта кәсіптік және жоғары оқу орындары, ғылыи-зерттеу және эксперттік – консалтингтік ұйымдар, мекеме аралық, аймақ және халықаралық ғылыми жобалық ұйымдар.

7М04103, 7М04104 «Қаржы» білім беру бағдарламасы

Дәрежесі: Бизнес және басқару магистрі, Қаржы білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі. 

Біліктілік сипаттамасы:  магистрі халықаралық қаржы нарығы мен құралдарының құрылымын білуі керек, қазіргі практикалық мәселенінің шешімін және түйінін таба білу, бизнес-ортада басқару қызметін жоспарлау,  жүзеге асыру, қаржы менеджметінің қажетті түрін таңдаууға қалыптасу, заманауи технологияларды игеруі, ғылыми-зерттеу жұмысын өз бетімен жүргізе білу дағдысы болу керек. 

Кәсіптік қызмет нысандары:

  • бейінді дайындық бойынша:  банк және қаржы жүйесін мемлекеттік реттеу органдары; қаржы институттары; бюджеттік ұйымдар; әр түрлі ұйымдық-құқықтық түрдегі ұйымдар мен кәсіпорындардың экономикалық және қаржы-аналитикалық қызметтері;
  • ғылыми-педагогикалық бағытта:  жоо, ғылыми-зерттеу экономикалық институттары, банк және қаржы жүйесін мемлекеттік реттеу органдары, қаржы институттары, бюджеттік ұйымдар,  әр түрлі ұйымдық-құқықтық түрдегі ұйымдар мен кәсіпорындардың экономикалық және қаржы-аналитикалық қызметтері;

 

7М06101, 7М06102 «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы

Дәрежесі:  техника мен технология магистрі, Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасы  бойынша техника ғылымдарының магистрі. 

Біліктілік сипаттамасыАқпараттық жүйелер білім беру бағдарламасы  бойынша магистратураның түлегі ақпараттық жүйелердің классификациясы мен негізгі типтерін, ақпараттық процестердің заңдылығын, кәсіптік мәні бар ақпаратты ұсыну және іздеу әдістерін  білуі керек,    тиімді жоспарлауды, енгізуді, ұйымның комьпютерлік инфрақұрылымын қолдауды жүзеге асыра білу дағдысы және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлей білуі қажет. 

Кәсіптік қызмет нысандары:

  • бейінді дайындық бойынша: мемлекеттік басқарудың компьютерлік қызметтері; өнеркәсіптік кәсіпорындардың компьютерлік қызметтері; қаржы ұйымдарының компьютерлік қызметтері және т.б.
  • ғылыми-педагогикалық бағытта:  ғылыми-зерттеу мекемелерінің компьютерлік қызметтері; мемлекеттік басқару органдарының ақпараттық қызметі; оқу орындары; жобалық ұйымдардың ақпараттық қызметі; өнеркәсіптік кәсіпорындардың ақпараттық қызметі.