«Мен … мамандығын таңдаймын»
2015 жылдың 28-қаңтарынан 2015 жылдың 3-ақпаны аралығында «Педагогика және психология» кафдрасының оқытушылары Вдовина Е.Н., Оракбаева М.К., Федорова И.А. және Сыдыканова Г.А КММ «Қашықтықтан және бейінді оқыту мектебі-ресурстық орталығында» кәсіптік бейімделу тренингтерін өткізді.
Өскемен қаласы әкімдігінің КММ «Қашықтықтан және бейінді оқыту мектебі-ресурстық орталығы» жалпы орта білім негізгі баспалдағының функционалды қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бейінді мектеп оқу – өндірістік кабинеттерде жұмыс істейтін 15-18 жас аралығындағы оқушыларды оқытуды жүзеге асырады. Бейінді мектепте Өскемен қаласы мектептерінің 9-11 сынып бойынша 1838 оқушы оқиды: №5 ОМ, №27 ОМ, №19 ОМ, №4 ОМ, №7 ОМ, №35 ОМ, №39 ОМ, Меновное орта мектебі, №8 ОМ, №13 ОМ, №15 ОМ, №42 ОМ, №6 ОМ, №9 ОМ, №20 ОМ, №23 ОМ, №33 ОМ.
Мектеп оқушылары үшін ҚАЕУ туралы фильмдер мен алғашқы таныстырулар көрсетілді, әңгіме жүргізілді. Оқушылар белсенді қатысып, өздері білгісі келген сұрақтарға жауап алды.
Оқытушылардың келесі кезеңі «Мен … … … мамандығын таңдаймын» тренингтер топтамасын өткізу, бұл тренингтер өзінің болашақ кәсібін белсенді жоспарлау процесіне бойлау жолымен жоғары сынып оқушыларының кәсіптік бейімделуден хабардар болуын қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Педагогика және психология» кафедрасы КММ «Қашықтықтан және бейінді оқыту мектебі-ресурстық орталығымен» ынтымақтастықты алдағы уақытта белсенді түрде жалғастыруды мақсат етіп қойып отыр.