«Педагогика және  психология» кафедрасы – магистратура

Дәрежесіәлеуметтік білім магистрі, «Психология» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік ғылым магистрі. 

Біліктілік сипаттамасы: «Психология» білім беру бағдарламасы бойынша магистратураның түлегінде мамандану аясында қаланған ғылымның негізі болу керек, адам психикасының заңдылықтары мен механизмін, маңызын, қазіргі психологияның тенденциялары мен негізгі жетістіктерін, психикалық құбылыстарды талдау әдісін, психологтың кәсіптік қызметінің технологиясын, кәсіптік этиканың негізгі ережелерін білуі керек және оларды өзінің қызметінде шебер қолдана білуі қажет, өндірісте еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік ережесін сақтай білу және оны өзгелерден талап ете білуі, мамандық бойынша шет тілінің біреуін еркін меңгеру, қызметкерлер құрамын басқару және менеджмент негізін білуі қажет.        

Кәсіптік қызмет саласы:  мектепке дейінгі ұйымдар, орта мектептер, лицей мен гимназиялар, мамандандырылған білім беру және тәрбие ұйымдары, училищелер, колледждер мен техникумдар, ғылыми-зерттеу институттары, зерттеу орталықтары, спорттық және шығармашылық ұйымдар, денсаулық сақтау ұйымдары, кәсіптік бейімделу және кәсіптік білім беру орталықтары, қалалық және республикалық әлеуметтік қызметтер, жұмыспен қамту орталығы, қоғамдық пікір мен саяси технологияларды зерттеу орталығы,  бизнесті ұйымдастыру өндірістік кәсіпорындары, құқық қорғау ұйымдары , педагогикалық қараусыз қалған балалар мен жасөсіпірімдерді әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталықтары, адам мен қоғамның, адам мен техниканың өзара әрекетінің психологиялық мәселелері мен коммуникативті процестері.  

Берілетін дәрежесі: Білім беру магистрі, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламасы  бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

Біліктілік сипаттамасы: «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламасының магистратурасын бітірген түлек педагогикалық үдерісті басқарып және оны сапалы ұйымдастыра алады, білім алушыларға танымдық әрекет тәсілдерін тиімді меңгертеді, білімнің жеке тұлғалық  құндылығын танытуға бағдар ұстанған, білім алушылардың өз қабілеттерін танып білуі мен өзін-өзі іске асыруын қамтамасыз ету үшін білімді дара тұлғаға бағдарлай алады, түрлі педагогикалық технологияларды қолданып, білім алушылардың өзінің білімін өзі жетілдіруіне және кәсіби бейімделуіне қолайлы жағдай тудырады, заманауи талаптарға сәйкес кәсіби, ғылыми зерттеушілік, шығармашылық әрекеттерді  іске асырады.

Кәсіби қызметінің нысандары:

  • Білім беру ұйымдарының барлық типтері мен түрлері;
  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары;
  • Жоғары оқу орындары;
  • Ғылыми -зерттеу институттары;
  • Білім беру жүйесіндегі қызметкерлердің біліктілігін арттыру   және қайта даярлау институттары;
  • Білім беру саласындағы өкілетті және жергілікті атқарушы органдар.