Түлектер ҚАЕУ туралы
Мені алда не құтіп тұр
Мені алда не күтіп тұр
Болашақта мені не күтіп тұрғанымды білмеймін. Магистратураға түсіп, оқуымды жалғастырамын. Дегенмен, алдағы уақытта ҚАЕУ қабырғасында оқып білім алған мамандығым бойынша жұмыс істеу.
Хамитов Жалғас
«Университет бітірген соң мені не күтіп тұр?» сұраққа бірден жауап беру қиын, алайда мен өз жоспарларым мен армандарымды жақын арада жүзеге асыратыныма сенімдімін. Ең алдымен оқуымды магистратурада жалғастырып жаңа білім мен дағдылар жинағым келеді. Сонымен қатар отбасым мен мұғалімдерім мақтаныш ететіндей карьерамды жоспарлап жүзеге асырғым келеді.
Мигманова Фарида
Болашақта мені не күтіп тұр? Бұл әзірге белгісіз. .. Оқуымды жалғастыру керек, мамандығым бойынша жұмысқа орналасып карьерамды көтеремін. Әрине, бәрі бірден болмайды, бірақ қойған мақсатыма жету үшін аянбай тер төгетін боламын!
Махмутова Аяулым
Қазір мен өзімді қырандай сезінемін, бір кездері ҚАЕУ-не білім алуға келген кезде еш нәрсенің байбына бармайтын кішкене балапан сияқты едім. Білім алып шартарапты шарлаған әлемнің бір бөлшегінде құстай самғаймын деген ойым бар. Болашақтың уақыты келді.
Калиев Ербол
Мені, Бізді жарқын болашақ күтіп тұрғаны бәрімізге мәлім.
Ламбуков Арман
Қазір мен өзімді өмір жолымда барлық бөгеттен өткен кеменің капитаны ретінде сезінемін және осы кемеде менің болашағымның штурвалында өзім ғана тұрмын.
Шаймухаметов Ринат
Болашақта біздерді арманға толы биік те, ғұлама мақсаттар тосуда. Көңілімізде өмірге деген құштарлық пен ұстаздарымыздың санамызға құя білген асыл да , ардақты ой –сезімдері жатыр. Сол сіздерден алған өмірге деген үміт ошақтарын ешқашанда өшірмейміз деген ойдамыз.Әрқашанда сіздердің алдарыңызда өтелмес қарызымыз өте көп. Халқымызға адал қызмет ете отырып, абыройлы азаматы болып, сіздердің бізге деген үміттеріңіз бен адал еңбектеріңізді ақтаймыз деген ойдамыз.
Жумагалиева Айым
Мені алда жарқын болашақ күтіп тұр. Мамандығымның жемісі, сонымен қатар карьералық жолға бастау
Алтынбаева Жулдыз
Мені алда жарқын болашақ күтіп тұр деп ойлаймын, себебі ҚАЕУ сияқты университеттен білім алдым. Мамандығымның үлкен бір белесі деп санаймын.
Мырзагалиева Аяулым
Армансыз адам- қанатсыз құспен тең. Әр адам баласының жан дүниесінде орын алған арманы мен мақсаты болады. Адам арманы адаммен бірге өседі деп ойлаймын.Менің де бала кезімнен өз ойлаған арманым бар. Ол- заңгер болу. Алдағы уақытта жақсы заңгер боламын деп үміттенемін.
Серікұлы Мирас
Мені алда не күтіп тұрғаны бір Аллаға ғана аян. Сонда да мен ойлаймын жарқын болашақ күтіп тұр деп. Алла қаласа, оқуымды бітірген соң еліме адал қызмет етемін. Өйткені құқық қорғау органдарының бірі боламын деп сенемін.
Шайзадаев Дархан
Мен университет қабырғасында, әсіресе біздің тобымызда болған қызықты жағдайларды сағынатын боламын.
Сенің ағаттық жіберіп айтқандарыңа оқытушылардың түйреп тұрып жауап беретіндерін сағынатын боламын.
Оқу үрдісінен алынатын пессимизм мен оптимизмді сағынатын боламын.
Сабаққа кешіккен жағдайда сылтау іздеуге тырысуымды сағынатын боламын.
Оқытушылар мен студенттердің әсерлі айтқан лайф-сторилерін сағынатын боламын.
Ағындық сабақтарды сағынатын боламын.
Жолдастарымды, оқытушыларымды, қонақтар мен іс-шараларды сағынатын боламын.
Стракатов Николай
Жаңа басқан қадамдарда,
Жаңа асқан асуларда,
Сағынатын, еске алатын –
Оқытушылар кеңесі.
Александрова Виктория
Студенттік жылдарым, тату ұжымым, өнегелі ұстаздарымның бағасыз кеңестері.
Сафонова Евгения
Біз сіздерге тілейміз
Өмірдегі көбірек қуанышты сәттер болсын
Айтмухамбетова Арай
Оқытушыларға білімді және талантты студенттер тілеймін
Айдарбеков Алишер
«Білекке сенген заманда,
Ешкімге есе бермедік.
Білімге сенген заманда,
Қапы қалып жүрмелік» деп Абылайхан бабамыз айтып өткендей, бүгінгі заманда мақсатқа жету үшін адамға білім керек.
Студенттерге ерекше ынта қойып білім алуды тілеймін.
Дайырбаев Жандос
ҚАЕУ оқытушыларына шын жүректен алғыс айтамын, тек солардың арқасында біздің ЖОО бүгінгі жетістіктерге жетті (сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес). Оларға табыс пен үздік жетістіктер тілеймін. ҚАЕУ мен Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиевті әлем таныса, ҚАЕУ еліміздің ғана емес әлемдегі таңдаулы оқу орындарының бірі болса деймін және осы оқу орнына түсу үшін әлемнің түкпір түкпірінен студенттер ағылса, дегенмен айрықша ықыластар біздің студенттерге бөлінсе деген тілегім бар))!!!
Ламбуков Арман
Мен өз группаластарыма өмірден қалаған орнын табуға тілектеспін. Өйткені әр адамның бұл өмірде өз қалауы, өз арманы, өз мақсаты бар. Университетке тілерім: ары қарай өсіп өркендей берсе, білім беру саласында көшбасшылықтан таймаса екен деймін. Студенттерге тілерім- төзімділік пен болашаққа деген сенімділік, сонымен қатар –осы оқу орнына не үшін келгендерін ұғыну, дегенмен де әлбетте А.В.Суворов «Оқығанның күні жарық, оқымағанның күні ғаріп» дегендей өз мақсаттарына жетсе деймін.
Шаймухаметов Ринат
Барлық түлектерге жоғары ақылы қызықты өздері қалаған тұрақты жұмыс орнына тұруына тілектеспін және осы жұмыс оның сүйікті мамандығана айналса деймін. Барлықтарңызға табыс тілеймін. Қайда жүрсеңіздер де жолдарыңыз болсын! Біздің университетке білім беру нарығында ақылды, дарынды, сауатты студенттерді түлетіп ұшыруына тілектеспін. Студенттерге тілерім: лайықты болашақ үшін қажетті білім нәрінің дәмі таңдайларынан кетпесе деймін.
Махмутова Аяулым
Болса да өзге жүрек,
Адамға адам – тірек.
Группаластарым мынау,
Сіздерге айтар тілек:
Дана сүйер ел бол,
Ар ойлаған бай бол.
Ең бастысы, АДАМ
Атымызға сай бол!
Абаев Расул
Шығысым менің шырайлы,
Ордасы -білім айнаcы.
Аттанып міне отырмыз
Ортаңнан алтын шұрайлы.
Зор білім алып өзіңнен
Аттандық ұзақ сапарға.
Сәт-сапар тілеп біздерге,
Бергейсің ақ батаңды.
Арайлап атқан таңымыз,
Нұр болып сізге шашылсын.
Ақ тілек болған біздерге
Ұстаздар мәңгі жасасын!
Алғысымыз сіздерге
Шексіз, дәйім тіл жетпес
Сіздер берген білімдер
Санамыздан еш кетпес!
Жумагалиева Айым
ҚАЕУ университетіне жалпы табыс тілеймін. Студенттерге осындай білім беріп жүре беріңіздер, жұмыстарыңыздың жемісін көріңіздер.
Сіздерге көп рахмет!!!
Алтынбаева Жулдыз
Біз сіздерге жұмыстарыңызға табыс тілейміз. Болашақта көптеген білікті мамандарды даяндауға тілектеспіз.
Мырзагалиева Аяулым
КАСУ университетіне үлкен табыс және студенттердің үлкен жетістіктерге жетуін тілеймін
Серікұлы Мирас
Сіздерге жұмыстарыңызға табыс тілейміз. Сонымен қатар, осыданда үлкен белестерге жетіп көріне беріңіздер, себебі университетіміз шет елдерге танымал.
Біз сіздерге тілейміз,
Денсаулықтың мықты болуын,
Мен сіздерге тілеймін,
Университеттің студентке толуын,
Болашақ біздің жастардың,
Қоғамға пайда қылуын.
Шайзадаев Дархан
ҚАЕУ студенттеріне қу, бірақ адал болуларын, оқутушыларына қатал, бірақ мейірімді болуларын тілеймін.
Стракатов Николай
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан,
Жансыздар әлдилеген шуақты арман.
Жатталсын есімдерің жан жүректе,
Адамның аяулы әні сияқталған.
Александрова Виктория
Университетке ары қарайғы дамуы мен гүлденуін, ал оқытушылары мен студенттеріне ғылыми және шығармашылық табыс, сәттілік пен береке тілеймін!
Сафонова Евгения
Болашақты сағынышым
Студенттік кез керемет кез. Қайта келмейді. Болашақта маған студенттік көңілді кештер, әртүрлі қоғамдық іс шаралар, естен кетпес мерекелер, осындай қызыққа толы студенттік шақтар жетпес. Әсіресе студенттік әзілдер.
ХАМИТОВ ЖАЛҒАС
Студенттік өмір… Шіркін, студенттік өмірге не жетсін? Студенттік өмір қоршаған ортамен, қоғаммен және заңды тұлғалармен қарым — қатынаста болуды, болашаққа сеніммен жауапкершілікпен қарауды үйретеді. Жаңа орта, жаңа достар, қызыққа толы сәттер — студенттік өмірдің естен кетпес естеліктері.
АКЧАГАНОВА ЕЛДАНА
Студенттік кезең — біздің өтіп жатқан жастық шағымыз. Әрине, студент деген сөзінің өзі «ізденуші» деген мағынаны білдіреді. Адам өзінің ізденуі арқылы өз мақсатына, арманына жетеді. Студенттік кезеңнің әр сәтінде де өзіндік таусылмас қызығы болады. Өйткені басқа қалалардан, ауылдардан бейтаныс жастар келеді. Алғашында бір — бірімізбен танысып — білісу қиынға соқты. Уақыт өте келе барлығымен де жақсы тіл табысып кеттік. Бір нанды бөлісіп жеп, қиындықты да қуанышты да бірге бөлісіп жүрміз. Соның барлығы мен үшін қызықты деп ойлаймын.
БАЙТАМБАЛИЕВ РАУАН
Студент болу — барлық жастың арманы. «Студент» сөзінің өзі – жеке тұлға, жас болашақ деген сөз деп ойлаймын. Осы студенттік өмірді өте қызықты, есте қаларлықтай өткізу әрбір жеткіншектің өз қолында.
АЙДАРБЕКОВ АЛИШЕР
Мені алда жарқын болашақ күтіп түр деп ойлаймын өзімнін білікті маман екенімді болашақ жұмыс орнымда дәлелдеймін.
АБАЕВ РАСУЛ
Көзді ашып жұмғанша өтіп кеткен төрт жылымыз біздерді сағындырмай қоймайды. «Студенттер, студенттер, бақыттылар! »- деп М.Шаханов ағамыз айтқандай адам өмірінде есте қалар ұмытылмас, қайталанбас ең бақытты шақ – студенттік кездер ғой. Өмірдің келесі баспалдағына қадам баса тұрып , болашаққа үмітті көздерімен қарап, келешектерін уайымдаған достарымды, өмірде таба алмаған сұрақтарға жауап берген ұстаздарымды, емтиханға дайындалып, кітап жастаған ұйқысыз түндерімді, кітапханада өткізген қанша сағаттық күндерімді сағынармын. Болашағын ойлап ,күш-жігерін білімге жұмсамақ болып келген біз-студенттер бүгінде өмірдің келесі кезеңіне қадам баспақпыз. Студенттік өмірдің ғажайып сәттері ешқашан естен кетпес.
ЖУМАГАЛИЕВА АЙЫМ
Болашақта осы университет қабырғасын ұмытпаймын. Өте жақсы кезең болды. Болашағыма деген негіз бен бастау болды. Көп жаңа достар таптым және группаластарым мен кафедра оқутышыларын сағынамын. Бәріне жақсылық тілеймін.
АЛТЫНБАЕВА ЖУЛДЫЗ
Болашақта осы университет қабырғасын ұмытпаймын. Себебі, өте керемет және қызықты кезеңдердің бірі болды. Жаңа достар таптым соған өте қуаныштымын.
МЫРЗАГАЛИЕВА АЯУЛЫМ
Студенттік кезең — университетте білім алған әрбір адамның өміріндегі ұмытылмас шақтары. Жастық шақ таусылмас күш-қайратқа толы, өмірге деген құштарлық, ғылым мен әлемді танудың ең шарықтау кезеңдерінің бірі. «Студент» сөзінің өзі – жеке тұлға, жас болашақ деген сөз деп ойлаймын. Осы студенттік өмірді өте қызықты, есте қаларлықтай өткізу әрбір жеткіншектің өз қолында.
СЕРІКҰЛЫ МИРАС
Болашақта осы университет қабырғасын ұмытпаймын. Көп көмек және ақыл-кеңес пен білім ұялады.
ШАЙЗАДАЕВ ДАРХАН
Болашақта бізді өз қолымызбен салған жолымыз мен мүмкіндіктеріміз күтіп тұр. Мақсатыңа сеніп, оған жету үшін қолыңнан келгенді жасау – бастысы осы. Жартылай қол жеткізген үлкен мақсат толығымен орындалған ұсақ мақсаттан әлдеқайда қымбатырақ деп ойлаймын.
Стракатов Николай
Бізбіз ғой бұл тірліктің желкілдеген құрағы,
Оқытушылар арманын өзімізге ұялатты!
Тойға ұлассын тойларымыз – ту қадайық биікке,
Жақсы туған жігітке жат жұрт келіп тұрады.
Білім нәрін сусындаған саған рахмет, универ,
Қайда жүрсең гүлдене бер, дами бер де, өне бер!
Александрова Виктория
Магистратурада білімімді жалғастыруым, жақсы жұмыс орнына орналасуым керек.
Сафонова Евгения