«Шет тілдер» кафедрасы – магистратура
Дәрежесі: білім магистрі, «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
Біліктілік сипаттамасы: «Шет тілі: ағылшын тілі» магистратурасы түлегінің қаланған ғылыми-педагогикалық және кәсіптік дайындығы болуы керек, заманауи ақпараттық технологияларды меңгеру, басқа тілдегі коммуникативтік-кәсіптік құзіретті болу, лингводидактикалық және лингвистикалық ғылымдар саласында терең білімді болу, қазіргі практикалық және ғылыми мәселелердің шешімін және түйінін таба білу, ғылыми-зерттеу қызметін жоспарлау және жүргізе білу, ЖОО-да оқытушылық қызметте болу, басқару және зерттеу қызметін табысты жүзеге асыра білу.
Кәсіптік қызмет саласы:
- бейінді дайындық бойынша: орта бейіндегі оқу орындары, кәсіптік бейімделу және орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру мекемелері, педагогикалық кадрларды қайта дайындау орталықтары;
- ғылыми-педагогикалық бағытта: жоғары мектеп, ғылыми-зерттеу орталықтары.
Дәрежесі: Тіл білімініің магистрі, «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы бойынша филология ғылымдарының магистрі
Біліктілік сипаттамасы: «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы бойынша магистратура түлегінің қаланған ғылыми-педагогикалық және кәсіптік дайындығы болу керек, ғылыми ақпаратты алу, өңдеу, сақтау әдістерін қосып алғанда заманауи ақпараттық технологияны меңгере білуі, қазіргі ғылыми және практикалық мәселелердің шешімін және түйінін таба білу, ғылыми-зерттеу/эксперименталды–зерттеу қызметін жүргізу және жоспарлау. Келесі мәселелер мен кәсіптік маңызы бар міндеттерді шешу үшін түскен ақпарат бойынша сыни-бағалау, аналитикалық-мағыналық өңдеуді өткізе білу дағдысы; аударма мәтінін түсіндіру үшін түпнұсқадағы ақпаратты жинақтау, топтау, тұпнұсқа мәтіндегі бейімделу процесін аударма мәтінімен байланыстыру; негізгі мәтіннің логикалық-мағыналық бірізділігін болжау және жеке өзінің аударма стратегиясын анықтау.
Кәсіптік қызмет саласы: халықаралық ұйымдардағы кәсіптік қызмет, шетелдік және қазақстандық елшіліктер, әлеуметтік қызмет пен кәсіптік салалық тілдік орта бойынша маманданатын мемлекеттік ведомстволар мен қызметтерде, сонымен қатар жоғары, жоғарғы оқу орнынан кейінгі және ғылыми-зерттеу секторлары.