«Шет тілдер» кафедрасы – магистратура

Дәрежесі: білім магистрі,  «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі 

Біліктілік сипаттамасы:  «Шет тілі: ағылшын тілі» магистратурасы түлегінің қаланған ғылыми-педагогикалық және кәсіптік дайындығы болуы керек, заманауи ақпараттық технологияларды меңгеру, басқа тілдегі коммуникативтік-кәсіптік құзіретті болу, лингводидактикалық және лингвистикалық ғылымдар саласында терең білімді болу,  қазіргі практикалық және ғылыми мәселелердің шешімін және түйінін таба білу, ғылыми-зерттеу қызметін жоспарлау және жүргізе білу, ЖОО-да оқытушылық қызметте болу, басқару және зерттеу қызметін табысты жүзеге асыра білу. 

Кәсіптік қызмет саласы

  • бейінді дайындық бойынша: орта бейіндегі оқу орындары, кәсіптік бейімделу және орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру мекемелері, педагогикалық кадрларды қайта дайындау орталықтары;
  • ғылыми-педагогикалық бағытта: жоғары мектеп, ғылыми-зерттеу орталықтары.

Дәрежесі:  Тіл білімініің магистрі,  «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы бойынша филология ғылымдарының магистрі

Біліктілік сипаттамасы«Аударма ісі» білім беру бағдарламасы бойынша магистратура түлегінің қаланған ғылыми-педагогикалық және кәсіптік дайындығы болу керек, ғылыми ақпаратты алу, өңдеу, сақтау әдістерін қосып алғанда заманауи ақпараттық технологияны меңгере білуі,   қазіргі ғылыми және практикалық мәселелердің шешімін және түйінін таба білу, ғылыми-зерттеу/эксперименталды–зерттеу қызметін жүргізу және жоспарлау.  Келесі мәселелер мен кәсіптік маңызы бар міндеттерді шешу үшін түскен ақпарат бойынша сыни-бағалау, аналитикалық-мағыналық өңдеуді өткізе білу дағдысы;  аударма мәтінін түсіндіру үшін түпнұсқадағы ақпаратты жинақтау, топтау, тұпнұсқа мәтіндегі бейімделу процесін аударма мәтінімен байланыстыру; негізгі мәтіннің логикалық-мағыналық бірізділігін болжау және жеке өзінің аударма стратегиясын анықтау. 

Кәсіптік қызмет саласы:  халықаралық ұйымдардағы кәсіптік қызмет, шетелдік және қазақстандық елшіліктер, әлеуметтік қызмет пен кәсіптік салалық тілдік орта бойынша маманданатын мемлекеттік ведомстволар мен қызметтерде, сонымен қатар жоғары, жоғарғы оқу орнынан кейінгі және ғылыми-зерттеу секторлары.